User manual
3. Құрылғыға су тартпасын салыңыз.
4. Су тартпасын орнына келіп
түскенше тұмшапешке қарай
итеріңіз.
11.7 Бу шығаратын жүйе -
Удал. накипи
Бу генераторы жұмыс істегенде, ішіне
әк шөгіндісі жиналады (судың
құрамындағы кальцийге байланысты).
Бұл будың сапасына, бу
генераторының жұмысына және
тағамның сапасына жағымсыз әсер
етеді. Әк шөгіндісі жиналып қалмас
үшін бу генераторының жүйесін
тазалаңыз.
Керек-жарақтың барлығын алыңыз.
Мәзірден функцияны таңдаңыз:
Очистка. Пайдаланушы интерфейсі
процедура бойынша нұсқау береді.
Процедураның толық аяқталуына
шамамен 2 сағат уақыт қажет.
Бұл функцияда шам сөніп тұрады.
1. Гриль / қуыру табағын бірінші
сөренің деңгейіне қойыңыз.
2. Су тартпасына 250 мл қақ
тазалайтын құралдан салыңыз.
3. Су тартпасының қалған бөлігін
макс. деңгейіне жеткенше суға
толтырыңыз.
4. Су тартпасын салыңыз.
5. Айналмалы тетікті басыңыз.
Бұл процедураның бірінші бөлігін іске
қосады: Удал. накипи.
Бұл кезеңнің ұзақтығы
шамамен 1 сағат 40 минут.
6. Бірінші бөліктің соңында гриль- /
қуыру науасын босатып, оны қайта
бірінші сөренің орнына қойыңыз.
7. Су тартпасына таза судан
құйыңыз.
Су тартпасының ішінде ешбір
жуғыш зат қалдығының
қалмағанына көз жеткізіңіз.
8. Су тартпасын салыңыз.
9. түймешігін басыңыз.
Бұл процедураның екінші бөлігін іске
қосады: Удал. накипи. Бұл бу жүйесін
шаяды.
Бұл бөліктің ұзақтығы
шамамен 35 минут.
Процедура аяқталғаннан кейін гриль- /
қуыру науасын алыңыз.
Егер: Удал. накипи
функциясы дұрыс
орындалмаса, дисплейде
оны қайталау керектігі
туралы хабар пайда
болады.
Пеш ылғал немесе су болса, құрғақ
шүберекпен сүртіңіз. Тұмшапештің
есігн толық ашып оны әбден кептіріңіз.
11.8 Қақ тазалауды ескерту
құралы
Функцияны орындау қажет екенін
ескертетін екі қақ тазалауды ескерту
құралы бар: Удал. накипи.
Бәсең сигнал қақ тазалау циклын
ескертеді және ұсынады.
Қатты сигнал қақ тазалауды міндетті
түрде орындау керек екенін ескертеді.
Қатты сигнал қосылған
кезде құрылғының қағын
тазаламасаңыз, бу
функцияларын пайдалана
алмайсыз.
Қақ тазалауды ескерту
сигналын сөндіре
алмайсыз.
11.9 Бу шығаратын жүйе -
Ополаск.
Керек-жарақтың барлығын алыңыз.
Мәзірден функцияны таңдаңыз:
Очистка. Пайдаланушы интерфейсі
процедура бойынша нұсқау береді.
Функцияның ұзақтығы шамамен 30
минут.
Бұл функцияда шам сөніп тұрады.
1. Пісірме табақты бірінші сөре
деңгейіне қойыңыз.
2. Су тартпасына таза судан
құйыңыз.
3.
түймесін басыңыз.
Процедура аяқталғаннан кейін пісірме
науаны алыңыз.
ҚАЗАҚ 63