User manual

Тағам санаттары: ет, құс
және балық
1. Тұмшапешті іске қосыңыз.
2. Тағам сенсоры ұшын еттің немесе
балықтың ортасына, барынша
қалың тұсына сұғыңыз. Тағам
сенсоры кемінде 3/4 бөлігінің
тағамның ішіне кіріп тұруын
қамтамасыз етіңіз.
3. Тағам сенсоры ашасын пештің
алдыңғы жағындағы розеткаға
сұғыңыз.
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Тағам сенсоры.
4. Ішкі температураны орнатыңыз.
5. Қыздыру функциясын және қажет
болса, тұмшапеш температурасын
орнатыңыз.
Тағам орнатылған температураға
жеткенде, дыбыстық сигнал естіледі.
Пеш автоматты түрде сөнеді.
6. Сигналды тоқтату үшін айналмалы
тетікті басыңыз.
7. Тағам сенсоры ашасын розеткадан
алып, тағамды пештен алыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Тағам сенсоры ысып
кететіндіктен, күйіп қалу
қаупі бар. Оны розеткадан
ағытқанда, тағамнан алған
кезде абай болыңыз.
Тағам санаты: бұқтырылған
1. Тұмшапешті іске қосыңыз.
2. Құраластардың жартысын пісірме
табаққа салыңыз.
3. Тағам сенсоры ұшын бұқтырманың
дәл ортасына салыңыз. Пісіру
барысында Тағам сенсоры бір
жерде орнықты болып тұруы керек.
Бұған қол жеткізу үшін тығыз
тағамдарды қолданыңыз. Тағам
сенсоры силикон сабын орнықты
етіп тіреу үшін пісірме науаның
жиегін пайдаланыңыз. Тағам
сенсоры ұшы пісірме науаның
түбіне тиіп тұрмауы керек.
4. Тағам сенсоры қалған
құраластармен жабыңыз.
5. Тағам сенсоры ашасын пештің
алдыңғы жағындағы розеткаға
сұғыңыз.
ҚАЗАҚ 25