Recipe Book

табаға салып, үстінен албырт балықты
салыңыз.
Көкөніс сорпасы мен ақ шарапты
үстіне құйыңыз да, розмарин мен
тасшөптен себіңіз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 35
минут
Сөренің орналасуы: 3
5.7 Анчоус қосылған
пісірме
Құрамы:
8 - 10 картоп
2 пияз
125 г шабақ балықтың қоң еті
300 мл кілегей
2 ас қасық нан үгіндісі
бұрыш
жаңа туралған тасшөп
2 ас қасық сары май
Дайындау әдісі:
Картопты жуып, қабығын аршыңыз да,
ұзыншалап тураңыз, Пияздың қабығын
аршыңыз да, ұзыншалап тураңыз.
Ыстыққа төзімді табаны сары маймен
майлаңыз. Картоптың үштен бірін
және пиязды табаға салыңыз. Үстіне
шабақ балықтың етінің жартысын
салыңыз да, пяз бен картоптың үштен
бір бөлігімен жабыңыз. Шабақ
балықтың қалған қоң етін үстінен
таратып салыңыз. Үстіне пияз бен
картоптың қалған бөлігін салыңыз, ең
үстінде картоп болуға тиіс.
Үстінен бұрыш пен туралған
тасшөптен себіңіз.
Шабақ балықтың сорпасын пісірілетін
тағамның үстіне құйып, кілегей
қосыңыз. Нан үгіндісін сеуіп, үстінен
сары май түйірлерін салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 60
минут
Сөренің орналасуы: 3
6. ТОРТ
6.1 Лимон қопсыма торты
Қоспа дайындауға арналған
ингердиенттер:
250 г сары май
200 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 шөкім тұз
4 жұмыртқа
150 г ұн
150 г жүгері ұны
1 шай қасық толы қопсытқыш ұнтақ
2 лимонның үгітілген қабығы
Безендіруге арналған қоспалар:
125 мл лимон шырыны
100 г қуырылған қант түйірлері
Басқа:
Шаршы пісірме табақ, ұзындығы 30
см
Майлауға арналған маргарин
Пісірме табаққа себуге арналған
нан үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, лимон қабығы,
ванильді қант пен тұзды шараға салып
шайқаңыз. Содан кейін жұмыртқаны
бір-бірден қосып, тағы да шайқаңыз.
Қопсытқыш ұнтақпен араласқан ұн мен
жүгері ұнын кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Қоспаны майланған және нан үгіндісі
себілген пісірме табаққа құйып, үстін
тегістеңіз де, құрылғыға қойыңыз.
Піскеннен кейін лимон шырыны мен
қуырылған қант түйірлерін
араластырыңыз. Тортты алюминийден
жасалған жұқалтырға аударып
салыңыз.
Құймасы ағып кетпеуі үшін
жұқалтырды торттың шетіне қарай
бүгіңіз. Торттың бетін ағаш істікшемен
тесіп, құйманы жағыңыз. Содан кейін
құймасы сіңуі үшін тортты біраз
уақытқа қоя тұрыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 75
минут
Сөренің орналасуы: 1
www.aeg.com12