Recipe Book

Құрылғының ішіндегі уақыты: 35
минут
Сөренің орналасуы: 3
8.7 Сиыр етінен жасалған
кассероле
Құрамы:
600 г сиыр еті
тұз бен бұрыш
ұн
10 г сары май
1 пияз
330 мл қошқыл сыра
2 шай қасық қоңыр қант
2 шай қасық қызанақ езбесі
500 мл сиыр етінің сорпасы
Дайындау әдісі:
Сиыр етін текшелеп тураңыз да, тұз
бен бұрыш қосып дәмдеп, аздаған ұн
себіңіз.
Сары майды табада қыздырып, соған
ет кесектерін қызарғанша қуырыңыз.
Содан кейін кәстрөлге салыңыз.
Пиязды аршып, ұсақтап тураңыз да,
аздаған майға жеңіл-желпі қуырыңыз,
содан кейін табадағы еттің үстінен
салыңыз.
Күңгірт сыра, қоңыр қант, қызанақ
пастасын және сиыр етінің сорпасын
араластырыңыз да, табаға салып, бір
қайнатыңыз. Содан кейін еттің үстінен
құйыңыз (етті жауып тұруға тиіс).
Қақпағын жауып, құрылғының ішіне
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 120
минут
Сөренің орналасуы: 3
8.8 Орамжапырақтан
жасалған кассероле
Құрамы:
1 орамжапырақ (800 г)
майоран
1 пияз
бұқтыруға арналған май
400 г тартылған ет
250 г ұзын дәнді күріш
тұз, бұрыш және паприка
1 литр ет сорпасы
200 мл қаймақ
100 г үгітілген ірімшік
Дайындау әдісі:
Қырыққабатты текшелеп турап, өзегін
алып тастаңыз. Майоран қосылған
тұзды суға салып қайнатыңыз.
Пияздың қабығын аршып, ұсақтап
тураңыз да, аздаған майға сәл
қуырыңыз. Содан кейін тартылған ет
пен ұзын дәнді күрішті қосып,
бұқтырыңыз да, тұз, бұрыш және
паприка қосыңыз. Еттің сорпасын
құйыңыз да, табаның қақпағын жауып,
20 минуттай баяу қайнатыңыз.
Табаға қырыққабатты және күріш пен
тартылған еттің қоспасын қабат-қабат
етіп салыңыз.
Тағамның үстіне қаймақты салып,
оның үстіне ірімшіктен себіңіз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 60
минут
Сөренің орналасуы: 3
8.9 Франкон тұшпарасы
Құрамы:
Шамамен 1000 г күркетауықтың
таспа түрінде туралған еті
1 кішкене қалбыр саңырауқұлақ
(бастары кішкене)
500 г туралған пияз
1 кг тұшпара қамыры
400 г үгітілген ірімшік
250 мл кілегей
Дайындау әдісі:
Күркетауық таяқшаларын тұз, бұрыш,
паприка т.с.с. қосып дәмдеңіз.
Туралған пияз қосып бұқтырыңыз.
Саңырауқұлақтарды әбден
сорғытыңыз. Содан кейін етті, пияз
бен саңырауқұлақты біріктіріп
араластырып, тұмшапеш ыдысына
салыңыз. Тұшпара қамыры мен
ірімшікті біріктіріп араластырып,
күркетауық етінің үстіне салыңыз.
Үстіне қаймақ құйыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 75
минут
Сөренің орналасуы: 1
www.aeg.com26