User manual
Құрылғы есігін ашу:
1. Есік бекітпесін итеріп, ұстап
тұрыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
Құрылғының есігін жапқанда, есіктің бекітпесін баспаңыз.
Құрылғыны сөндіргенде, есіктің механикалық бекітпесі қоса ажырамайды.
Қалдық қызу индикаторы
Пісіру циклі аяқталған сайын, пештің ішіндегі температура 40°C градустан көп болса,
бейнебетте қалдық қызу индикаторы
көрсетіледі. Тұмшапештің температурасын
бейнебетке шығару үшін температура тетігін қолданыңыз.
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыт өткеннен кейін қауіпсіздікті сақтау мақсатында автоматты түрде
сөніп қалады:
• егер тұмшапеш функциясы жұмыс істеп тұрса.
• егер тұмшапештің температурасын өзгертпесеңіз.
Тұмшапештің температурасы Сөндіру уақыты
30 °C - 120 °C 12,5 сағ.
120 °C - 200 °C 8,5 сағ.
200 °C - 250 °C 5,5 сағ.
250 °C - ең үлкен °C 3 сағ.
Автоматты түрде сөнгеннен кейін, құрылғыны қайта іске қосу үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
Автоматты түрде сөндіру функциясы тұмшапештің Ұзақтық, Аяқтау және Кешіктіріп
бастау функцияларынан басқа функцияларының барлығында жұмыс істейді.
Қосымша функциялар
17