User manual
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып
қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе
дереу ауыстырыңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер
бар болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің
бекітпесін алыңыз.
6
www.aeg.com