User manual
ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАҒЫШ
1 2 3
456
1
Функция индикаторлары
2
Уақыт бейнебеті
3
Функция индикаторлары
4
+ түймешігі
5
Параметр таңдау түймешігі
6
- түймешігі
Сағат функциясы Қолдану
Тәулік уақыты Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі. Бұл функция тұмшапештің
жұмысына ешбір әсер етпейді.
Ұзақтық Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
Аяқтау Құрылғының сөнетін уақытын орнатуға арналған.
"Ұзақтық" және "Аяқтау"
функцияларын құрылғының іске
қосылатын және сөнетін уақыттарын
орнату үшін қатар қолдануға болады.
Әуелі Ұзақтық
, содан кейін
Аяқтау
функциясын орнатыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН ОРНАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
Минут операторының , Ұзақтық
немесе Аяқтау уақытын орнату үшін +
немесе - түймешігін қолданыңыз.
Тиісті функцияның индикаторы жанады.
Уақыт аяқталған кезде, функция
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал 2 минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары орнатылғанда, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
3.
Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН
БІРЖОЛА ТОҚТАТУ
1.
Таңдағыш түймешікті қажетті
функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2.
"-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
ҚАЗАҚ
45