User manual

ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Қуыстың өлшемдері
Биіктігі 1780 мм
Ені 560 мм
Тереңдігі 550 мм
Көтеру уақыты 24 сағ.
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол жағында орналасқан ақпараттар
тақтайшасында және қуат туралы мәлімет көрсетілген жапсырмада
берілген.
ОРНАТУ
Орналастыру
Назарыңызда болсын!
Есігінде құлпы не ілгегі бар ескі құрылғыны тастап жатсаңыз, жас балалар
құрылғы ішінде қамалып қалмас үшін оларды жарамсыз етіп барып
тастаңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның ашасы қол жететін жерде тұруға
тиіс.
Бұл құрылғыны қоршаған орта температурасы құрылғының техникалық
ақпараттар тақтайшасында көрсетілген климат санатына сай келетін
жерге орналастыру қажет:
Климат санаты Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге
сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
32
Техникалық сиппатама