User manual

4. Мұзды еріту жұмысы аяқталған кезде құрылғының ішін мұқият құрғатып
сүртіңіз де, тақтаны кейін пайдалану үшін алып қойыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
6. Екі не үш сағат өткен соң, алдында алып қойған тағамдарды камераға
салыңыз.
Буландырғыш қырауын ешқашан өткір металл құралдарды пайдаланып
қырмаңыз,оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Өндіруші ұсынған тәсілден басқа механикалық не жасанды жолмен мұзды
жылдам ерітуге әрекеттенбеңіз.
Құрылғы мұзын еріту барысында орамдағы тағамдардың
температурасының жоғарлауы, олардың сақталатын мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда мына сақтық
шараларын орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
егер қажет болса
10)
құрылғы мен оның керек-жарақтарын тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса, электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулық себебін іздестірмес бұрын ашаны розеткадан суырып алыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулық түрін тек білікті маман не білікті
адам ғана іздестіруге тиіс.
Қалыпты жұмыс кезінде біраз шуыл (компрессор, салқындатқыш сұйықтың
айналуы) естіліп тұрады.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемей тұр. Шам
жанбай тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада ток
жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
10) Жібітіңіз.
Не істерсіңіз, егер...
29