User manual
Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы
ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
Тасымал құралдарын алу
Құрылғыңыз тасымалдау барысында есікті өз орнында ұстау үшін,
қолданылатын тасымал құралдарымен жабдықталған.
Оларды алу үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Есікті ашыңыз.
2. Есіктің жақтауларынан тасымал
құралдарын алыңыз.
3. Тасымал құралдарын астыңғы
топсадан (кейбір үлгілерде)
алыңыз.
Кейбір үлгілерде корпус астына
қойылатын шуыл азайтқыш
қолданылады. Бұл жабдықты
алмаңыз.
3
2
76
Орнату