User manual

Су төгетін сорғыны тазалау:
1. Су төгетін сорғының есігін ашыңыз.
2. Бөлгішті тартып шығарып алыңыз.
3. Су төгетін сорғының астына, аққан су
құйылатын ыдыс қойыңыз.
4. Суды ағызу үшін екі тетікті басып, су
төгетін түтікшені өзіңізге қарай
тартыңыз.
1
2
5. Сауытқа су толған кезде, су төгетін
түтікшені орнына қайта қойып,
сауытты босатыңыз. 4-ші және 5-ші
қадамдарды, су төгетін сорғыдан
ешбір су ақпай қалғанша қайта-қайта
орындаңыз.
6. Су төгетін түтікшені өзіңізге қарай
тартып, сүзгіні бұрап алыңыз.
7. Сорғыдағы қыл-қыбыр және басқа
заттарды алыңыз.
8. Сорғының айналдырғысы дұрыс
айнала алатынына көз жеткізіңіз. Егер
айналмаса, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
28