User manual

Тазалау мен күтіп ұстау
Назарыңызда болсын!
Тазалау үшін құрылғыны электр желісінен ажыратып, салқындату
керек.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында пешті бу не жоғарғы қысым
құрылғыларымен тазалауға болмайды.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш заттар не өткір құралдар мен қырғыштарды
пайдаланбаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Шыныны тазалау үшін қандай да бір түрпілі, жылтыратқыш не өткір
металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі заттың бетіне түскен
сызат шыныны сындырып жіберуі мүмкін.
Пештің сырты
Құрылғының алдыңғы жағын сабынды жылы суға малынған
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Металл беттерді тазалау үшін сатудағы тазалағыш заттарды
қолдануға болады.
Аса жеміргіш не түрпілі заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің ішкі жасақтамасы
Тазалау бағдарламасы
ТАЗАЛАУ функциясы "Бағдарламаланған функциялар мен
рецептілер" тарауында егжей-тегжейлі сипатталған.
Қолмен тазалау
Назарыңызда болсын!
Пешті тазаламас бұрын міндетті түрде суытып алу қажет.
64 Тазалау мен күтіп ұстау