User manual

Пайдалы ақыл-кеңес
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың, әрі мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің түсін өзгертеді.
Қуатты үнемдеу
Мүмкін болса, ыдыстардың қақпақтарын әрқашан жауып отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру алаңдарының көлемі бірдей болуға тиіс.
Акриламидке қатысты ақпарат
Соңғы ғылыми жаңалықтарға сүйенсек, тағамды (әсіресе, құрамында
крахмалы бар) қатты қызартып пісіргенде, денсаулыққа акриламид
себебінен туындайтын қатер төнеді. Сондықтан, тағамды төмен
температурада, қатты қызартпай пісіруді ұсынамыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Әрқашан табаны таза ыдыстарды қолданыңыз.
Назарыңызда болсын!
Өткір заттар мен түрпілі тазартқыштар құрылғыға нұқсан келтіреді.
Құрылғыны өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін бу бүріккіш немесе
жоғары қысым арқылы тазалайтын құралдармен тазаламаңыз .
Керамика бетке түскен сызаттар мен қара дақтар құрылғының жұмысына
еш әсер етпейді.
Ластықты тазалау:
1. Дереу тазалаңыз: еріген пластик, пластик қағаз, қант қосылған
тағам. Керамика шыныны тазалайтын арнайы тазалағышты
қолданыңыз. Қырғышты керамика шыны бетіне сүйір бұрыш жасау
арқылы қойып, жылжыта отырып тазалаңыз.
Келесі дақтарды тазалауға кіріспес бұрын пешті электр желісінен
ағытып, суытып алыңыз . әк, су дақтары, май дақтары, металдан
түскен жылтыр дақтар. Керамика шыны немесе тоттанбайтын
болатқа арналған арнайы тазалағыш құралдарды қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберек пен аздап жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3. Тазалап болғаннан кейін құрылғыны таза шүберекпен мұқият
құрғатыңыз.
8
Пайдалы ақыл-кеңес