User manual
Есік пен шыны панельді орнату
4
4
5
5
6
Тазалау рәсімі аяқталғаннан кейін есікті
орнына салыңыз. Ол үшін әрекеттерді кері
ретпен орындаңыз.
ТАРТПАНЫ АЛУ
Тұмшапештің астындағы тартпаны оңай
тазалау үшін алуға болады.
1.
Тартпаны тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
2.
Тартпаны сәл жоғары көтеріп тартпаның
сырғытпа жолдарынан алыңыз.
Тартпаны орнына салу
1.
Тартпаны сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Шеттерінің сырғытпа жолдарға дұрыс
салынғанына қол жеткізіңіз.
2.
Тартпаны көлбеу түсіріңіз де, ішке қарай
итеріңіз.
Назарыңызда болсын!
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда,
тартпаның іші қызып кетуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды тартпаға салып
сақтамаңыз (мысалы, тазартқыш
заттар, пластик қапшықтар, пеш
қолғабы, қағаз, бүріккіштер т.с.с.).
ПЕШ ШАМЫ
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
• Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін пештің
табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны қалпағын
тазалау
1.
Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы
бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2.
Шыны қалпағын тазалаңыз.
3.
Пештің шамын 300°C градустық қызуға
төзімді, сай келетін шамға айырбастаңыз.
4.
Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
ҚАЗАҚ
33