User manual

Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген киім-
кешектерді кір жуғыш машинада жууға
болмайды. Егер буланатын тазалағыш
сұйықтар пайдаланылса, киімді
машинаға салмас бұрын сұйықты кетіру
шарасы жүзеге асырылуға тиіс.
Ашаны розеткадан қорек сымынан
тартып ағытпаңыз; әрқашан ашаның
өзінен ұстап тартыңыз.
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс
алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі жағы
ашық қалған кір жуғыш машинаны
ешқашан пайдаланбаңыз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты
тәжірибесі мен білімінің аздығына
байланысты пайдалана алмайтын
адамдар (балаларды қоса алғанда),
пешті пайдалану туралы ерекше
нұсқауларды алмайынша не олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Орам материалдары (мысалы, пластик
таспа, полистирол) балалар үшін қауіпті
болуы мүмкін - тұншығып қалу қаупі бар!
Оларды балалардан барынша алыс
ұстаңыз
Барлық жуғыш заттарды балалардың
қолы жетпейтін сенімді жерге сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Машина балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып қалмас
үшін арнайы функциямен
жабдықталған.
Бұл құралды қосу
үшін есіктің ішкі
жағындағы
түймешікті(баспай
тұрып) сағат
бағыты бойынша
бұрап,
таңбаламасын
көлденең қалыпқа
келтіріп қойыңыз.
Қажет болса
тиынды
пайдаланыңыз.
Бұл құралды
ажыратып есікті
қайтадан
жабылатындай
қалыпқа келтіру
үшін, түймешікті
сағат бағытына
қарсы бұрап,
таңбаламасын тік
қалыпқа қойыңыз.
4