User manual

Орнату
Қораптан шығару
Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен оны тасымалдау үшін
қолданылған бекіткіштерін алу қажет.
Бұл тасымалдау құралдарын машина
қайтадан көшірілетін жағдай туса
пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынамыз.
Барлық
орауыштарын
алған соң
машинаны
ұқыппен
шалқайтып
жатқызыңыз да,
табанындағы
полистирол
төсенішті алыңыз.
Қорек сымын
алыңыз да, су
құятын және суды
сарқитын
түтікшелерді
құрылғының арт
жағында
орналасқан
орындарынан
алыңыз.
Үш шегенің үшеуін
де ағытып алыңыз.
Пластик
нығыздағыштарды
да алыңыз.
Үстіңгі кішірек тесік пен екі үлкен тесікті,
нұсқаулық кітапшасы салынған
қалтадағы пластик тығындармен
тығындаңыз.
Орналастыру
Машинаны тегіс қатты еденнің үстіне
орналастырыңыз. Кілем не еден сүртетін
шүберек т.с. заттар машина айналасында
ауа еркін айналуға кедергі жасамай
тұрғандығын тексеріңіз. Машинаның
қабырға не ас үй жиһаздарының біріне
тиіп тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Машинаны сирақтарын көтеру не төмен
түсіру арқылы тіктеп қойыңыз. Сирақтар
арнайы бекіткіш тетік арқылы
құрастырылғандықтан қатты қатайтылып
тұруы мүмкін, бірақ машинаны МІНДЕТТІ
ТҮРДЕ тіктеп, орнықты етіп орнату қажет.
Қажетті түзетулерді гайка кілтінің
көмегімен жүзеге асыруға болады.
Құрылғыны дұрыс тіктеп орнату діріл, шу,
не машина іске қосылып тұрған кезде
орнынан жылжып кетпеуге көмектеседі.
Еденнің қандай да бір кедір-бұдырын
машинаның астына тақтай, ағаш не сол
сияқты заттарды қою арқылы тегістеуге
тырыспаңыз.
Қажет болса,
деңгейді ватерпас
көмегімен тексеріп
көріңіз.
26