User manual

Назарыңызда болсын! Машина іске
қосылып тұрған кезде, сорғышта
ыстық су тұруы мүмкін, бірақ ол
бағдарламаның қай түрінің
таңдалғандығына байланысты. Жуу циклі
кезінде сорғыш қақпағын ешқашан
алмаңыз, әрқашан жуу циклі аяқталып, су
сарқылғанша күтіңіз. Қақпақты су
жылыстап ағып не болмаса жас балалар
бұрап алып қоймас үшін орнына мықтап
бұрап қойыңыз.
Су құятын түтікше сүзгісін тазалау
Егер суыңыз тым кермек не құрамында әк
қалдықтары болса, су құятын түтікше
сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін. Сондықтан да
оны ара-тұра тазалап тұрған дұрыс.
Су құятын шүмекті
жабыңыз. Су
құятын түтікшені
бұрап ағытып
алыңыз. Сүзгіні
қатты қылдан
жасалған
шөткемен тазалап
алыңыз. Су құятын
түтікшені бұрап
бекітіңіз.
Мұздап қалудың алдын алатын
сақтық шаралары
Машина 0°C градустан төмен
температурада қалатындай жағдай туса,
нақты сақтық шаралары қарастырылуға
тиіс.
Су құятын шүмекті жабыңыз.
Су құятын түтікшені бұрап ағытып
алыңыз.
Тосын жағдайда суды сарқуға арналған
түтікшенің ұшы мен су құятын түтікшенің
ұшын еденге қойылған шыныаяққа
салып суын әбден сарқып ағызыңыз.
Су құятын түтікшені қайта орнына бұрап
салыңыз да, тосын жағдайда кір суды
сарқуға арналған түтікшені де қақпағын
жапқан соң орнына қойыңыз.
Машинаны қайта іске қосқыңыз келген
кезде, бөлме температурасының 0°C
жоғары екендігіне көз жеткізіңіз.
Тосын жағдайда суды сарқу
Егер су сарқылмаса, машинадағы суды
ағызу үшін төмендегі шараларды
орындаңыз:
ашаны розеткадан суырып алыңыз;
судың шүмегін жабыңыз;
қажет болса су суығанша күтіңіз;
•сорғыш есігін ашыңыз;
шыныаяқты еденге қойыңыз да, суды
тосын жағдайда сарқуға арналған
түтікшенің ұшын соған салыңыз. Оның
қақпағын алыңыз. Су шыныаяққа
гравитациялық екпінмен ағып
құйылады. Шыныаяқ толған кезде,
түтікшенің қақпағын жабыңыз.
Шыныаяқтағы суды төгіңіз. Бұл әрекетті
су ақпай қалғанша қайталаңыз;
қажет болса сорғышты осыған дейін
айтылып өткендегідей тазалаңыз;
суды тосын жағдайда сарқуға арналған
түтікшені орнына қойып
орналастырыңыз; 8. сорғышты қайта
бұраңыз да, есікті жабыңыз.
Өте маңызды! Суды тосын жағдайда су
сарқитын түтікше арқылы ағызған кезде,
әрқашан 2 литр суды жуғыш зат
үлестіргіштің негізгі жуу қорапшасына
құйып, содан соң сарқу бағдарламасын
орындау қажет. Бұл ЭКО тығырығын
белсенді күйге көшіреді де, жуғыш заттың
жартысының келесі жуу цикліне дейін
пайдаланылмай қалып қоюына жол
бермейді.
25