User manual

Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мөлшерлері тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана
берілген, себебі бұл мәндер кірдің мөлшері мен түріне, пайдаланылатын судың
температурасы мен бөлме температурасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Тазалау не
жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын
құрылғыны міндетті түрде электр
желісінен АЖЫРАТУЫҢЫЗ қажет.
Қақ тазалау
Біз пайдаланатын судың құрамында
әдетте әк болады. Су жұмсартқыш
ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл
пайдаланып отырған дұрыс. Бұны кір
жумай тұрған кезде, жұмсартқыш ұнтақты
өндірушінің нұсқауларына сай
орындаңыз. Бұл әк қағының жиналып
қалуынан сақтайды.
Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды сумен
жуыңыз да, содан соң мұқият құрғатыңыз.
Үлестіргіш қорапшасын тазалау
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің
қорапшасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет.
Тазалық жасау
оңай болу үшін
қоспа салынатын
қорапшаның үстіңгі
жағын алып қою
қажет.
Қорапшаның
ұстағышын төмен
басып тұрып
сыртқа тартып
шығарыңыз. Оны
су шүмегінің
астына қойып
тұрып, ұнтақтың
қандай да бір
жиналып қалған
қалдығы болса оны
шайып кетіріңіз.
Суырма ұясын тазалау
Суырманы алған
соң, кішкене
шөткені
пайдаланып ұясын
тазалаңыз да,
оның үстіңгі және
астыңғы жағынан
ұнтақ
қалдықтарының
іздері әбден
тазаланғанын
тексеріңіз.
Суырманы орнына қойыңыз да, шаю
бағдарламасын барабанға ешбір киім
салмастан орындаңыз.
23