User manual

Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Машинаның суы
сарқылмайды және/не ол
айналмайды:
Суды сарқитын түтікше басылып не жаншылып қалған.
E20
Суды сарқитын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Суды сарқитын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған. E20
Суды сарқитын түтікше сүзгісін тазалаңыз.
Аяқталғанда су әлі де машина ішінде қалатын не ешбір
айналдыру циклдерін орындамайтын функция не
бағдарлама таңдалған.
Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп мөлшерде пайдаланылған не сай
келмейтін жуғыш зат (тым көп көбік пайда
болады)қолданылған.
Жуғыш зат мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су құятын түтікшенің тығырықтарының ешбірінен су
ақпай тұрғандығын тексеріңіз. Су түтікше арқылы төмен
құлдилап ағатындықтан мұны көру әрқашан мүмкін бола
бермейді; оның дым не дым еместігін тексеріп көріңіз.
Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Суды сарқитын не құятын түтікшеге нұқсан келген.
Оның орнына жаңасын салыңыз.
Суды тосын жағдайда сарқитын түтікшенің қақпағы
орнына қойылмаған не тазалап болғаннан кейін сүзгі өз
орнына дұрыс орнатылмаған.
Тосын жағдайда пайдаланылатын түтікшенің қақпағын
жабыңыз не сүзгіні шегіне дейін бұраңыз.
Жуу нәтижесі
қанағаттанарлықтай емес:
Жуғыш зат өте аз мөлшерде пайдаланылған не мүлдем
сай келмейтін жуғыш зат қолданылған.
Жуғыш зат мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Оңай кетпейтін дақтар кірді жумай тұрып алдын ала
кетірілмеген.
Оңай кетпейтін дақтарды сатудағы заттарды
пайдаланып кетіріңіз.
Дұрыс температура таңдалмаған.
Температураның дұрыс таңдалған не
таңдалмағандығын тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан тыс көп.
Жүктің салмағын азайтыңыз.
20