User manual

Бағдарлама
Максимум және минимум температура
Цикл сипаттамасы
Максимум айналдыру жылдамдығы
Жүктің максимум салмағы
Жуылатын кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
КІРДІ ЖІБІТУ
30°
Алдын ала жуу - Кірді 40 минуттай жібіту -
Бағдарламаны машина суын сарқымай
тоқтату
Макс. салмақ 6 кг
Аса қатты кірлеген заттарға арналған арнайы
бағдарлама. Машина кір киімді 30°C
температуралы суға салып жібітеді. Осы
уақыт аяқталған кезде машина барабандағы
суды төкпестен, автоматты түрде тоқтайды.
Жаңа жуу циклін бастамас бұрын, суды
төменде көрсетілгендегідей сарқып алу қажет:
Тек сарқу : бағдарламаны таңдайтын
түймешені Сарқу бағдарламасына әкеліп
қойыңыз. ( 7 түймешігін басыңыз).
Сарқу және айналдыру : бағдарламаны
таңдайтын түймешені Айналдыру
бағдарламасына әкеліп қойыңыз да, 2
түймешігі арқылы айналдыру жылдамдығын
азайтыңыз, содан соң 7 түймешігін
басыңыз.
Маңызды! Бұл бағдарламаны жібек не жүн
матадан жасалған аса нәзік заттар үшін
қолдануға болмайды. Кірді жібіту
бағдарламасына арналған жуғыш затты
арнайы белгіленген қорапшаға салыңыз. Кірді
жібіту кезеңінің соңында (суды төккен соң) жуу
бағдарламасын (алдымен бағдарламаны
таңдайтын түймешені O қалпына, содан соң
бағдарламаға қойып, 7 түймешігін басыңыз)
таңдауыңызға болады.
17