KZ Қолдану туралы нұсқаулары Кір жуғыш машина ZWS 7108 ZWS 7128 2
Мазмұны Жалпы мағлұмат бөлімдері _ _ _ _ _ _ _ 2 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ 5 Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6 Бірінші қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9 Жеке талаптарға лайықтау _ _ _ _ _ _ _ 9 Күнделікті пайдалану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10 Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12 Жуу бағдарламалары _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14 Төмендегі жағдайларда не істеу керек...
• Нәски, бау, жууға келетін белбеу т.б ұсақ заттарды зат жууға арналған дорбаға не жастық тысына салып жуыңыз, себебі мұндай заттар машинаның сыртқы және ішкі барабандарының арасына түсіп кетуі мүмкін. • Кір жуғыш машинаңызды қыл өткізілген киім-кешек, жиегі көмкерілмеген не материалы жыртық заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз. • Пайдаланып, тазалап не машинаға күтім көрсетіп болған соң оны әрқашан электр желісінен ағытып, суды тоқтатып қойыңыз. • Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
• Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген киімкешектерді кір жуғыш машинада жууға болмайды. Егер буланатын тазалағыш сұйықтар пайдаланылса, киімді машинаға салмас бұрын сұйықты кетіру шарасы жүзеге асырылуға тиіс. • Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып ағытпаңыз; әрқашан ашаның өзінен ұстап тартыңыз. • Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі жағы ашық қалған кір жуғыш машинаны ешқашан пайдаланбаңыз. • Барлық жуғыш заттарды балалардың қолы жетпейтін сенімді жерге сақтаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 1 2 3 4 5 6 Жуғыш зат үлестіргіш Басқару панелі Есіктің тұтқасы Техникалық ақпарат тақтайшасы Су сорғыш Өзгермелі сирақ 1 2 3 4 5 6 5
Жуғыш зат үлестіргіш Алдын ала жуу және кірді жібіту циклдері үшін пайдаланылатын жуғыш зат қорапшасы не қақты тазарту циклі кезінде қақ кетіргіш зат салынатын қорапша(егер бар болса). Алдын ала жуу және кірді жібіту цикліне арналған жуғыш зат жуу бағдарламасы басталған уақытта қосылады. Қақ кетіргіш зат қақты арылту циклі кезінде қосылады. Негізгі жуу циклі кезінде қосылатын ұнтақ жуғыш не сұйық жуғыш затқа арналған қорапша.
1 Бағдарламаны таңдайтын түймеше 2 АЙНАЛДЫРУ жылдамдығын азайтатын түймешік 3 ПАРАМЕТР түймешігі 4 АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі 5 ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ түймешігі 6 7 8 9 10 ЭКСТРА ШАЮ түймешігі БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі "ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ" сигнал шамы Бейнебет Белгішелер кестесі Айналдыру Мақта мата Айналдырмау Синтетика Шаюды кідірту Суық Функциялар Нәзік мата Үнемді Арнайы бағдарламалар Супер жылдам Қолмен жуу Алдын ала жуу Жүн Жеңіл үтіктеу Джинсы Экстра шаю Жібіту Бастау/
кірді қуатты үнемдей отырып жуғыңыз келсе осы функцияны пайдалануыңызға болады. Супер жылдам Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана тазартылуға тиіс киім-кешектерге арналған қысқа мерзімді цикл. Машинаға салынатын кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Алдын ала жуу Бұл функцияны таңдаған кезде машина негізгі жуу циклін орындамас бұрын алдын ала жуу циклін орындап шығады. Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл функцияны қатты кірлеген заттарды жуу үшін пайдалану ұсынылады.
• Ескерту кодтары Құрылғы жұмысына қатысты ақаулықтар туындаған кезде, бейнебетте кейбір ескерту кодтары мысалы, E20 пайда болады("Төмендегі жағдайларда не істеу керек..." тарауын қараңыз). • Функцияның теріс таңдалуы Орнатылған жуу бағдарламасына сай келмейтін функция таңдалса, бейнебеттің астыңғы жағында Err жазуы бірнеше секунд пайда болып тұрады да, 7 түймешігінің қызыл шамы жыпылықтай бастайды.
Күнделікті пайдалану Кірді салу Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға бірбірлеп, барынша сілки отырып салыңыз. Есікті жабыңыз. Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз бағыты бойынша не сағат бағытына қарсы бұрауға болады. Машинаны өшіру/бағдарламаны бастапқы қалпына қайтару үшін бағдарлама таңдайтын түймешені " O " қалпына қойыңыз. Бағдарлама аяқталған соң машинаны өшіру үшін түймешені O-ге қою керек.
туралы ақпаратты "Жуу бағдарламалары" тарауынан алыңыз. Бағдарламаны 7 түймешігін басып бастаңыз Таңдалған бағдарламаны бастау үшін мына түймешікті басыңыз; тиісті жасыл сигнал шамы жыпылықтауын тоқтатады. 9 сигнал шамы жанады да, машинаның жұмыс істей бастағанын және есіктің құлыпталып қалғандығын көрсетеді. Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған жағдайда машина кері санақты бастайды.
қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға болады. Бағдарлама басталып кеткен соң есікті ашу Алдымен кір жуғыш машинаны 7 түймешігін басу арқылы үзіліске қойыңыз. 9 сигнал шамы жыпылықтап тұрып, бірнеше минуттан соң өшіп қалса есікті ашуға болады. 9 сигнал шамы жанған қалпы қалса, бұл машинаның суды әлдеқашан ысыта бастағанын не су деңгейінің тым жоғары екендігін білдіреді. Есікті ешбір жағдайда күшпен ашуға тырыспаңыз! .
батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеу не ұзын таспалар болса оларды байлаңыз. Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды бастамай тұрып кетіріп алыңыз. Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен ысқылап сүртіңіз. Перделерді ерекше баппен тазалаңыз. Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не торға салып буыңыз. Дақтарды кетіру Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.
қоспалар тиісті үлестіргіштер қорапшасына салынуға тиіс. Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда алдын ала жуу функциясы жоқ бағдарламаны таңдау қажет. Кір жуғыш машина жуғыш зат концентратын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін араластырғыш жүйемен жабдықталған. Өнім өндірушісінің жуғыш затты пайдалану мөлшеріне қатысты ұсыныстарын орындаңыз, оны үлестіргіш қорапшасындағы "MAX" мөлшерінен асырмай салыңыз .
Бағдарлама Максимум және минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі Функциялар Жуғыш зат Қорапша СИНТЕТИКА 60°-Суық Негізгі жуу - Шаю кезеңдері Максимум айналдыру жылдамдығы 900 мин/ айн Макс. салмақ 3 кг - Азайтылған салмақ 1,5 кг АЙНАЛДЫРУ, ШАЮДЫ КІДІРТУ, ҮНЕМДІ 2), СУПЕР ЖЫЛДАМ, АЛДЫН АЛА ЖУУ 3), ЖЕҢІЛ 1) ҮТІКТЕУ 4), Синтетика не аралас мата: іш киім, түрлі-түсті ЭКСТРА ШАЮ киім-кешек, тартылып қалмайтын жейде, блузкалар.
Бағдарлама Максимум және минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі Функциялар ЖҮН МАТА 40° Негізгі жуу - Шаю кезеңдері Максимум айналдыру жылдамдығы 1000; ZWS 7108 үшін мин/айн Максимум айналдыру жылдамдығы 900; ZWS 7128 үшін мин/айн Жүктің макс. салмағы 2 кг Машинада жууға болатын жүн мата, сонымен қатар қолмен жууға болатын жүн тоқыма мен нәзік маталарға арналған бағдарлама.
Бағдарлама Максимум және минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі Функциялар Жуғыш зат Қорапша КІРДІ ЖІБІТУ 30° Алдын ала жуу - Кірді 40 минуттай жібіту Бағдарламаны машина суын сарқымай тоқтату Макс. салмақ 6 кг Аса қатты кірлеген заттарға арналған арнайы бағдарлама. Машина кір киімді 30°C температуралы суға салып жібітеді. Осы уақыт аяқталған кезде машина барабандағы суды төкпестен, автоматты түрде тоқтайды.
Бағдарлама Максимум және минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі ШАЮ КЕЗЕҢДЕРІ Шаю кезеңдері Максимум айналдыру жылдамдығы 1000; ZWS 7108 үшін мин/айн Максимум айналдыру жылдамдығы 1200; ZWS 7128 үшін мин/айн Макс. салмақ 6 кг Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақтадан жасалған киім-кешектерді шаюға және айналдыруға болады. Машина 3 рет шаяды, соңында ұзақ айналдыру циклін орындайды. Айналдыру жылдамдығын азайтуға болады.
Төмендегі жағдайларда не істеу керек... Кейбір мәселелер қарапайым жөндеу жұмыстары орындалмағандықтан не немқұрайлықтан туындайтындықтан, оларды арнайы маманды шақырмай-ақ оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын төмендегі тексерулерді орындап шығыңыз.
Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі Машинаның суы сарқылмайды және/не ол айналмайды: Суды сарқитын түтікше басылып не жаншылып қалған. E20 • Суды сарқитын түтікше қосылымын тексеріңіз. Суды сарқитын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған. E20 • Суды сарқитын түтікше сүзгісін тазалаңыз. Аяқталғанда су әлі де машина ішінде қалатын не ешбір айналдыру циклдерін орындамайтын функция не бағдарлама таңдалған. • Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз. Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі Есік ашылмайды: Бағдарлама әлі жұмыс істеп тұр. • Жуу циклі аяқталғанша күтіңіз. Есік құлпы ашылған жоқ. • 9 сигнал шамы өшкенше күтіңіз. Барабанның ішінде су тұр. • Суды сарқу үшін сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз. Машина дірілдеп тұр не одан шуыл шығады: Орам материалдары мен тасымалдау үшін қолданылған бекіткіштер алынбаған. • Құрылғының дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз. Сирағы лайықталып орнатылмаған • Құрылғының дұрыс тіктеп орнатылғандығын тексеріңіз.
... ... ... No. .. Ser. ... ... ... ... Mod Prod . ... . No. Егер нендей ақаулықтың орын алғанын білмей не оны шеше алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Телефон шалмас бұрын машинаның үлгісін, сериялық нөмірін және оны сатып алған күнді белгілеп алыңыз: бұл ақпарат қызмет көрсету орталығына қажет. Mod. ... ... ... Prod. No. ... ... ... Ser. No. ... ... ...
Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мөлшерлері тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген, себебі бұл мәндер кірдің мөлшері мен түріне, пайдаланылатын судың температурасы мен бөлме температурасына байланысты өзгеруі мүмкін. Күту менен тазалау Назарыңызда болсын! Тазалау не жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын құрылғыны міндетті түрде электр желісінен АЖЫРАТУЫҢЫЗ қажет. Қақ тазалау Біз пайдаланатын судың құрамында әдетте әк болады. Су жұмсартқыш ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл пайдаланып отырған дұрыс.
Су сорғыш Су сорғышты уақытылы тексеріңіз, әсіресе: • машина суы сарқылмаса және/не ол айналмаса • суды сарқыған кезде түйреуіш, тиын т.б. заттар сорғышты бітеп тастаса, машинадан өзіне тән емес шуыл шығады. Төмендегі әрекетті орындаңыз: • құрылғыны өшіріңіз. • қажет болса су суығанша күтіңіз. 1 2 Сорғыш есігін оның кертігіне тиын салып тұрып көтеру арқылы(не нұсқаулық кітапша салынған қалтада болуы мүмкін арнайы құралды пайдаланыңыз, құралдың түрі машина үлгісіне байланысты)ашың ыз.
Назарыңызда болсын! Машина іске қосылып тұрған кезде, сорғышта ыстық су тұруы мүмкін, бірақ ол бағдарламаның қай түрінің таңдалғандығына байланысты. Жуу циклі кезінде сорғыш қақпағын ешқашан алмаңыз, әрқашан жуу циклі аяқталып, су сарқылғанша күтіңіз. Қақпақты су жылыстап ағып не болмаса жас балалар бұрап алып қоймас үшін орнына мықтап бұрап қойыңыз. Су құятын түтікше сүзгісін тазалау Егер суыңыз тым кермек не құрамында әк қалдықтары болса, су құятын түтікше сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін.
Орнату Қораптан шығару Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық орауыштары мен оны тасымалдау үшін қолданылған бекіткіштерін алу қажет. Бұл тасымалдау құралдарын машина қайтадан көшірілетін жағдай туса пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынамыз. Үстіңгі кішірек тесік пен екі үлкен тесікті, нұсқаулық кітапшасы салынған қалтадағы пластик тығындармен тығындаңыз. Орналастыру Барлық орауыштарын алған соң машинаны ұқыппен шалқайтып жатқызыңыз да, табанындағы полистирол төсенішті алыңыз.
Су құятын түтікше Назарыңызда болсын! Бұл құрылғыны суық су жүйесіне қосу қажет. Сақтандыру туралы ескерту! Машинаны жаңа құбырға не көп уақыт пайдаланылмаған құбырға қоспас бұрын осы құбыр ішінде тұрып қалған қалдық не кірді суды барынша ағызу арқылы шайыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Машинаны су жүйесіне жалғау үшін ескі машинаңыздан қалған түтікшені пайдаланбаңыз. Түтікшені шүмекке 3/4" тығырығы арқылы жалғаңыз. Әрқашан құрылғымен қатар жеткізілген түтікшені пайдаланыңыз.
Электртоғына қосу Электр қосылымына қатысты мәлімет, құрылғы есігінің ішкі қырында орналасқан техникалық ақпарат тақтайшасында берілген. Үйдегі электр желісінің басқа да электр құрылғыларын қоса алғанда максимум қажетті жүктемені көтере алатындығын тексеріңіз. Жоғарыда айтылған сақтық шарасы орындалмағандықтан машина бүлінсе не адам жарақат алса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Сақтандыру туралы ескерту! Машинаны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
www.zanussi.