User manual

кірді қуатты үнемдей отырып жуғыңыз
келсе осы функцияны пайдалануыңызға
болады.
Супер жылдам
Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана
тазартылуға тиіс киім-кешектерге арналған
қысқа мерзімді цикл. Машинаға салынатын
кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз.
Алдын ала жуу
Бұл функцияны таңдаған кезде машина
негізгі жуу циклін орындамас бұрын алдын
ала жуу циклін орындап шығады. Жуу
уақыты ұзаққа созылады. Бұл функцияны
қатты кірлеген заттарды жуу үшін
пайдалану ұсынылады.
Жеңіл үтіктеу
Бұл параметрді таңдаған кезде кір баппен
жуылып, құрысып қалмас үшін ақырын
айналдырылады. Осылай жуғанда үтіктеу
оңайға соғады. Сонымен қатар, машина
кей бағдарламаларда қосымша шаю
кезеңдерін де орындайды. Мақта матаға
арналған бағдарламаларда кірді
айналдырудың максимум жылдамдығы
автоматты түрде азайтылады.
Экстра шаю
Бұл құрылғы қуатты үнемдеу үшін арнайы
жасалған. Кірді қосымша сумен (қосымша
шаю) шаю қажет болса, осы параметрді
таңдаңыз. Бірнеше қосымша шаю циклдері
орындалады. Бұл функция жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін, сондай-ақ
суы аса тұщы жерлерде қолдану үшін
ұсынылады.
Бастау Үзіліс
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
Кешіктіріп бастау
Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30
мин.- 60 мин. - 90 мин., 2 сағат, содан соң
1 сағаттан қоса отырып, максимум 20
сағатқа дейін кешіктіруге болады.
Есіктің шамы
Сигнал шамы 9 бағдарлама басталған
кезде жанады да, есікті ашуға болатын-
болмайтынын көрсетеді:
шам жанды: есікті ашуға болмайды.
Құрылғы жұмыс істеп тұр немесе
барабанда су қалған күйі тоқтап тұр.
шам сөнді: есікті ашуға болады.
Бағдарлама аяқталды немесе су төгілді.
шам жыпылықтап тұр: есік бірнеше
минуттан кейін ашылады.
10 Бейнебет
10.1 10.2
Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:
10.1: Бала қауіпсіздігі құлпы
Бұл құрал жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдыруға мүмкіндік береді.
10.2:
Таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарламаны таңдағаннан кейін
бейнебетте оның ұзақтығы сағат пен
минут арқылы (мысалы,
)
көрсетіледі. Бағдарламаның ұзақтығы
матаның əрбір түрі үшін ұсынылатын ең
үлкен салмақ негізінде автоматты түрде
есептеледі. Бағдарлама басталғаннан
кейін, оның соңына дейін қалған уақыт
минут сайын жаңарып отырады.
Таңдалған кептіру уақыты
Кептіру бағдарламасы таңдалғаннан
кейін кептіру уақыты минут не сағат пен
минут арқылы көрсетіледі. Бағдарлама
басталғаннан кейін, оның соңына дейін
қалған уақыт минут сайын жаңарып
отырады.
Кешіктіріп бастау
Бейнебетте қажетті түймешікті басу
арқылы таңдалған кешіктіріп бастау
уақыты бірнеше секунд көрсетіліп
7