User manual

Бағдарлама
1)
Қуат тұтыну (кВт/сағ)
2)
Су тұтыну (литр)
2)
Синтетика 40 °C 0.50 45
Нəзік мата 40 °C 0.55 55
Жүн мата/ Қолмен жуу 30 °C 0.30 50
1) Бағдарлама уақытын бейнебеттен қараңыз.
2) Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мəндері тек жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген. Ол кірдің
мөлшері мен түріне, құйылатын судың температурасы мен бөлменің температурасына
байланысты өзгеруі мүмкін.
Қуат жапсырмасында көрсетілген
мəндерге сай келетін стандартты
бағдарламалар
"Мақта мата 60 °C үнемді" жəне "мақта
мата 40 °C үнемді" қалыпты кірлеген мақта
мата заттарға арналған стандартты мақта
мата бағдарламалар. Бұл бағдарламалар
қалыпты кірлеген мақта мата кірлерді
жууға арналған жəне осындай мақта мата
заттарды жуу үшін, қуат пен су жұмсау
тұрғысынан қарағанда барынша тиімді
бағдарламалар болып есептеледі.
Бұл бағдарламалар EN60456 стандартына
сай келеді.
Судың нақты температурасы
көрсетілген цикл температурасынан
өзгеше болуы мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Тазалау не
жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын
құрылғыны міндетті түрде электр желісінен
АЖЫРАТУЫҢЫЗ қажет.
Қақ тазалау
Біз пайдаланатын судың құрамында
əдетте əк болады. Су жұмсартқыш ұнтақты
машинада мезгіл-мезгіл пайдаланып
отырған дұрыс. Бұны кір жумай тұрған
кезде, жұмсартқыш ұнтақты өндірушінің
нұсқауларына сай орындаңыз. Бұл əк
қағының жиналып қалуынан сақтайды.
Сыртын жуу
Құрылғының сырт жағын сабынды сумен
жуыңыз да, содан соң мұқият құрғатыңыз.
Үлестіргіштің суырмасын тазалау
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар үлестіргішінің
суырмасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет.
Қорапшаны тетікті
төмен басып,
өзіңізге қарай тарту
арқылы алыңыз.
Ағып тұрған суға
шайып, жиналып
қалған ұнтақ
жуғышты
тазалаңыз.
Тазалық жасау
оңай болу үшін
қоспа салынатын
бөліктің үстіңгі
жағын алып қою
қажет.
22