User manual

Не істерсіңіз, егер...
Кейбір мəселелер қарапайым жөндеу
жұмыстары орындалмағандықтан не
немқұрайлықтан туындайтындықтан,
оларды арнайы маманды шақырмай-ақ
оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тексерулерді орындап шығыңыз.
Машина жұмыс жасап тұрған кезде келесі
түймешіктің қызыл 7 сигнал шамы
жыпылықтап, бейнебетте төмендегі
ескерту кодтарының бірі пайда болып, дəл
осы уақытта дыбысты сигналдар əрбір 20
секунд сайын беріліп машинаның жұмыс
жасамай тұрғандығын білдіреді:
: сумен жабдықтауға қатысты
ақаулық.
: су төгуге қатысты ақаулық.
: есік ашық.
Ақаулықты түзеткен соң 7 түймешігін
басып бағдарламаны қайта бастаңыз. Осы
тексерулерден соң ақаулық қайта орын
алса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Машина іске қосылмай
тұр:
Есік жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған жəне
7 түймешігі басылмаған.
Таңдау тетігін бұраңыз да, 7 түймешігін қайтадан
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
Кірді дереу
жуу қажет болса, кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтатыңыз.
Бала қауіпсіздігі құралы іске қосулы.
Бала қауіпсіздігі құралын ажыратыңыз.
18