User manual

түймешіктер басылған кезде, тиісті сигнал
шамдары жанады. Оларды қайта басқан
кезде сигнал шамдары сөнеді. Теріс
параметр таңдалса, қызыл түймешік (7
түймешігінің) 3 рет жыпылықтайды да,
бейнебетте Err жазуы көрсетіледі.
Жуу бағдарламалары мен параметрлердің
өзара үйлесімділігі туралы ақпаратты
"Жуу бағдарламалары" тарауынан
алыңыз.
Бағдарламаны 7 түймешігін басып
бастаңыз
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін
мына түймешікті басыңыз; тиісті жасыл
сигнал шамы жыпылықтауын тоқтатады.
9 сигнал шамы жанады да, құрылғының
жұмыс істей бастағанын жəне есіктің
құлыптаулы екенін көрсетеді.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған
жағдайда машина кері санақты бастайды.
Өте маңызды! Теріс параметр таңдалған
жағдайда Err жазуы бірнеше секунд
көрсетіледі де, осы түймешіктің қызыл
сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды.
Кешіктіріп бастау функциясын 8
түймешігін басып таңдаңыз
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны
кешіктіріп бастағыңыз келсе, қажетті
кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін осы
түймешікті қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте таңдалған кешіктіріп бастау
уақыты бірнеше секунд көрсетіледі де,
содан кейін бағдарламаның ұзақтығы
қайта көрсетіледі.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, оны бастамай тұрып таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 7 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не
өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау параметрін таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
функцияларды таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын 8
түймешігін басып таңдаңыз.
3. 7 түймешігін басыңыз:
- машина сағат сайын кеміп отыратын
кері санақты бастайды.
- бағдарлама кешіктіріп бастау уақыты
аяқталған соң басталады.
Бағдарламаны бастағаннан кейін
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау:
1. Кір жуғыш машинаны ҮЗІЛІС
параметріне 7 түймешігін басып
қойыңыз.
2. 8 түймешігін бір рет басыңыз.
Бейнебетте
' көрсетіледі.
3. Бағдарламаны бастау үшін 7
түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды!
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытын тек
жуу бағдарламасын қайта таңдап болған
соң ғана өзгертуге болады.
Есік кешіктіріп бастау уақыты
аяқталғанша құлыптаулы тұрады. Есікті
ашу керек болса, əуелі 7 түймешігін
басып құрылғыны ҮЗІЛІС параметріне
қойып, бірнеше минут өткеннен кейін
есікті ашыңыз. Есікті жапқан
соң сол
түймешікті қайта басыңыз.
Өте маңызды! Кешіктіріп бастау
функциясын су төгу бағдарламасымен
бірге таңдау мүмкін емес.
Параметрге не орындалып тұрған
бағдарламаға өзгеріс енгізу
Кейбір параметрлерді бағдарлама
орындамай тұрып өзгертуге болады.
Қандай да бір өзгеріс енгізер алдында, кір
жуғыш машинаны 7 түймешігін басып
үзіліске қою қажет.
Орындалып тұрған бағдарламаны, қайта
бастапқы қалпына қойғаннан кейін ғана
өзгерте аласыз. Бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойып, содан кейін жаңа
бағдарламаға қойыңыз. Жаңа
бағдарламаны 7 түймешігін қайта басып
бастаңыз.
Машина ішіндегі кір жуылатын су
сарқылмайды.
10