KK Қолдану туралы нұсқаулары Кір жуғыш машина ZWS 7108 ZWS 7128
Мазмұны Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ 2 Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4 Басқару панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5 Бірінші қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8 Жеке талаптарға лайықтау _ _ _ _ _ _ _ 8 Əркүндік қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9 Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 11 Жуу бағдарламалары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13 Не істерсіңіз, егер...
материалы жыртық заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз. • Пайдаланып, тазалап не машинаға күтім көрсетіп болған соң оны əрқашан электр желісінен ағытып, суды тоқтатып қойыңыз. • Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз жөндеуге əрекет жасамаңыз. Тəжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары адамды жарақаттап не машинаны елеулі ақаулыққа ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Əрқашан тек фирмалық бөлшектерді ғана пайдалануды талап етіңіз. Орнату • Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Бала қауіпсіздігі • Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тəжірибесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Жуғыш зат үлестіргіш Алдын ала жуу жəне кірді жібіту циклдары кезінде жуғыш зат салынатын немесе дақты кетіру (егер болса) циклы кезінде дақ кетіргіш салынатын бөлімше. Алдын ала жууға жəне кірді жібітуге арналған жуғыш зат жуу бағдарламасы басталған кезде қосылады. Дақ кетіргіш зат дақты кетіру барысында қосылады. Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ немесе сұйық жуғыш зат салуға арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш зат қолдансаңыз, оны бағдарлама басталардың алдындаалдында ғана салыңыз.
2 АЙНАЛДЫРУ жылдамдығын азайтатын түймешік 3 ПАРАМЕТРЛЕР түймешігі 4 АЛДЫН АЛА ЖУУ түймешігі 5 ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ түймешігі 7 БАСТАУ/ҮЗІЛІС түймешігі 8 КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймешігі 9 "ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ" сигнал шамы 10 Бейнебет 6 ЭКСТРА ШАЮ түймешігі Белгішелер кестесі Мақта мата Айналдырмау Синтетика Шаюды кідірту Суық Функциялар Нəзік мата Үнемді Арнайы бағдарламалар Супер жылдам Қолмен жуу Алдын ала жуу Жүн Жеңіл үтіктеу Джинсы Экстра шаю Жібіту Бастау/Үзіліс Шаю кезеңдері Кешіктіріп бастау
кірді қуатты үнемдей отырып жуғыңыз келсе осы функцияны пайдалануыңызға болады. Супер жылдам Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана тазартылуға тиіс киім-кешектерге арналған қысқа мерзімді цикл. Машинаға салынатын кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Алдын ала жуу Бұл функцияны таңдаған кезде машина негізгі жуу циклін орындамас бұрын алдын ала жуу циклін орындап шығады. Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл функцияны қатты кірлеген заттарды жуу үшін пайдалану ұсынылады.
тұрады да, содан кейін таңдалған бағдарламаның ұзақтығы қайта көрсетіледі. Кешіктіріп бастау уақыты əр сағат сайын бір сағатқа кеміп отырады да, соңғы 1 сағат қалғанда, минут сайын азая бастайды. • Ескерту кодтары Құрылғы жұмысына қатысты ақаулықтар туындаған кезде, бейнебетте кейбір пайда ескерту кодтары мысалы, болады («Келесі жағдайда не істеу керек...» тарауын қараңыз).
Əркүндік қолдану Кірді салу Есікті тұтқасынан еппен тартып ашыңыз. Кірді барабанға бірбірлеп, барынша сілки отырып салыңыз. Есікті жабыңыз. Тығыздағыш пен есіктің арасына ешбір кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан келуі мүмкін. Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз Қажетті бағдарламаны бағдарлама таңдағыш түймеше (1) арқылы таңдаңыз Бағдарламаны таңдайтын түймешені қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз. 7 түймешігінің жасыл индикаторы жыпылықтай бастайды.
түймешіктер басылған кезде, тиісті сигнал шамдары жанады. Оларды қайта басқан кезде сигнал шамдары сөнеді. Теріс параметр таңдалса, қызыл түймешік (7 түймешігінің) 3 рет жыпылықтайды да, бейнебетте Err жазуы көрсетіледі. Жуу бағдарламалары мен параметрлердің өзара үйлесімділігі туралы ақпаратты "Жуу бағдарламалары" тарауынан алыңыз. Бағдарламаны 7 түймешігін басып бастаңыз Таңдалған бағдарламаны бастау үшін мына түймешікті басыңыз; тиісті жасыл сигнал шамы жыпылықтауын тоқтатады.
Бағдарламаны үзу Орындалып тұрған бағдарламаны кідірту үшін 7 түймешігін басыңыз, тиісті индикатор жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны қайта бастау үшін түймешікті тағы да басыңыз. Бағдарламаны болдырмау Орындалып тұрған бағдарламаны қалпына болдырмау үшін түймешені қойыңыз. Енді жаңа бағдарламаны таңдауыңызға болады. Бағдарлама басталып кеткен соң есікті ашу Əуелі 7 түймешігін басып бағдарламаны үзіліске қойыңыз.
Жастық қаптарының түймесін салып, тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеу не ұзын таспалар болса оларды байлаңыз. Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды бастамай тұрып кетіріп алыңыз. Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен ысқылап сүртіңіз. Перделерді ерекше баппен тазалаңыз. Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не торға салып буыңыз. Дақтарды кетіру Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз мүмкін.
Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда алдын ала жуу функциясы жоқ бағдарламаны таңдау қажет. Кір жуғыш машина жуғыш зат концентратын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін араластырғыш жүйемен жабдықталған. Өнім өндірушісінің жуғыш затты пайдалану мөлшеріне қатысты ұсыныстарын орындаңыз, оны үлестіргіш қорапшасындағы "MAX" мөлшерінен асырмай салыңыз.
Бағдарлама Максимум жəне минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі Функциялар СИНТЕТИКА 60°-Суық Негізгі жуу - Шаю кезеңдері Максимум айналдыру жылдамдығы 900 мин/ айн Макс. салмақ 3 кг - Азайтылған салмақ 1,5 кг 1) Синтетика не аралас мата: іш киім, түрлі-түсті киім-кешек, тартылып қалмайтын жейде, блузкалар.
Бағдарлама Максимум жəне минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі Функциялар ЖҮН МАТА 40° Негізгі жуу - Шаю кезеңдері Максимум айналдыру жылдамдығы 1000; ZWS 7108 үшін мин/айн Максимум айналдыру жылдамдығы 900; ZWS 7128 үшін мин/айн Жүктің макс. салмағы 2 кг Машинада жууға болатын жүн мата, сонымен қатар қолмен жууға болатын жүн тоқыма мен нəзік маталарға арналған бағдарлама.
Бағдарлама Максимум жəне минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі КІРДІ ЖІБІТУ 30° Алдын ала жуу - Кірді 40 минуттай жібіту Бағдарламаны машина суын сарқымай тоқтату Макс. салмақ 6 кг Аса қатты кірлеген заттарға арналған арнайы бағдарлама. Машина кір киімді 30°C температуралы суға салып жібітеді. Осы уақыт аяқталған кезде машина барабандағы суды төкпестен, автоматты түрде тоқтайды.
Бағдарлама Максимум жəне минимум температура Цикл сипаттамасы Максимум айналдыру жылдамдығы Жүктің максимум салмағы Жуылатын кірдің түрі ШАЮ КЕЗЕҢДЕРІ Шаю кезеңдері Максимум айналдыру жылдамдығы 1000; ZWS 7108 үшін мин/айн Максимум айналдыру жылдамдығы 1200; ZWS 7128 үшін мин/айн Макс. салмақ 6 кг Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақтадан жасалған киім-кешектерді шаюға жəне айналдыруға болады. Машина 3 рет шаяды, соңында ұзақ айналдыру циклін орындайды. Айналдыру жылдамдығын азайтуға болады.
Не істерсіңіз, егер... Кейбір мəселелер қарапайым жөндеу жұмыстары орындалмағандықтан не немқұрайлықтан туындайтындықтан, оларды арнайы маманды шақырмай-ақ оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын төмендегі тексерулерді орындап шығыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі Су құятын шүмек жабық. • Су құятын шүмекті ашыңыз. Су құятын түтік бұратылып немесе жаншылып қалған. Машинаға су құйылмай тұр: • Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз. Су құятын түтіктегі немесе оның клапанындағы сүзгі бітеліп қалған. • Су құятын түтіктің сүзгілерін тазалаңыз. (Толық ақпаратты "Су құятын түтік сүзгілерін тазалау" тарауынан қараңыз). Есік дұрыс жабылған жоқ. • Есікті нығыздап жабыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі Жуу нəтижесі қанағаттандырмайды: Жуғыш зат өте аз немесе мүлде жарамсыз жуғыш зат қолданылған. • Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты пайдаланыңыз. Қатып қалған дақтар кірді жумай тұрып алдын ала кетірілмеген. • Қатып қалған дақтарды кетіру үшін дүкенде сатылатын заттарды пайдаланыңыз. Температура дұрыс таңдалмаған. • Температураны дұрыс таңдаған-таңдамағаныңызды тексеріңіз. Кірдің салмағы шамадан артық. • Кірдің салмағын азайтыңыз.
Ықтимал себебі/Шешімі Машинадан тосын шуыл шығады: Машинаға əдеттегі моторларға қарағанда басқаша шуыл шығаратын мотор орнатылған. Мотордың бұл жаңа түрі машинаны неғұрлым баппен іске қосып, барабан айналып тұрған кезде кірді барынша біркелкі таратуға көмектеседі жəне машинаның орнықтылығын жақсартады. Барабанның ішінде су көрінбейді. Қазіргі технологияға сай жасалған машиналар суды өте аз пайдаланып тиімді жұмыс жасайды жəне бұл машинаның жұмысына еш əсер тигізбейді. ... ... No. .. Ser. ... ... ... .
Бағдарлама1) Қуат тұтыну (кВт/сағ)2) Су тұтыну (литр)2) Синтетика 40 °C 0.50 45 Нəзік мата 40 °C 0.55 55 Жүн мата/ Қолмен жуу 30 °C 0.30 50 1) Бағдарлама уақытын бейнебеттен қараңыз. 2) Бұл кестеде көрсетілген тұтыну мəндері тек жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген. Ол кірдің мөлшері мен түріне, құйылатын судың температурасы мен бөлменің температурасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Суырма ұясын тазалау Суырманы алған соң, кішкене шөткені пайдаланып ұясын тазалаңыз да, оның үстіңгі жəне астыңғы жағынан ұнтақ қалдықтарының іздері əбден тазаланғанын тексеріңіз. Сорғы есігін ашыңыз. Су төгетін сорғының астына, аққан су құйылатын ыдыс қойыңыз. Суырманы орнына қойыңыз да, шаю бағдарламасын барабанға ешбір киім салмастан орындаңыз. Сорғыны тазалау Су сорғыны мезгіл-мезгіл тексеріңіз, əсіресе: • машинаның суы төгілмесе жəне/немесе ол айналмаса; • суды төккен кезде түйреуіш, тиын жəне т.б.
Су төгетін түтікшені қайта суырып алыңыз. Сүзгінің бұрандасын босатыңыз да, алыңыз. Сорғының есігін жабыңыз. Сорғыдағы қыл-қыбыр жəне басқа заттарды алыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғы іске қосулы тұрғанда, таңдалған бағдарламаға қарай сорғыда ыстық су болуы мүмкін. Жуу циклі кезінде сорғының қақпағын ешқашан алмаңыз, əрқашан құрылғының циклді аяқтап, судан бос болуын күтіңіз. Сорғының қақпағын орнына салған кезде, одан су жылыстамау жəне кішкентай балалар бұрап алмау үшін мықтап бұраңыз.
• Түтікті шүмекке қайта бұрап бекітіңіз. Қосылымның берік екеніне көз жеткізіңіз. 6. су төгетін сорғы босаған кезде, су құятын түтікті қайта орнына қойыңыз. Назарыңызда болсын! Құрылғыны қайта іске қолданар алдында температураның 0 °C градустан жоғары екеніне көз жеткізіңіз. Төмен температураға байланысты орын алған ақауларға өндіруші жауапкершілік көтермейді. Төтенше жағдайда суды төгу • Түтікті машинадан ағытып алыңыз. Жаныңызда шүберек болсын, себебі су ағуы мүмкін.
Орнату Қораптан шығару Unpacking Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық орауыштары мен оны тасымалдау үшін қолданылған бекіткіштерін алу қажет. Бұл тасымалдау құралдарын машина қайтадан көшірілетін жағдай туса пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынамыз. Үстіңгі кішірек тесік пен екі үлкен тесікті, нұсқаулық кітапшасы салынған қалтадағы пластик тығындармен тығындаңыз. Орналастыру Барлық орауыштарын алған соң машинаны ұқыппен шалқайтып жатқызыңыз да, табанындағы полистирол төсенішті алыңыз.
Су құятын түтікше Назарыңызда болсын! Бұл құрылғыны суық су жүйесіне қосу қажет. Сақтандыру туралы ескерту! Машинаны жаңа құбырға не көп уақыт пайдаланылмаған құбырға қоспас бұрын осы құбыр ішінде тұрып қалған қалдық не кірді суды барынша ағызу арқылы шайыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Машинаны су жүйесіне жалғау үшін ескі машинаңыздан қалған түтікшені пайдаланбаңыз. Түтікшені шүмекке 3/4" тығырығы арқылы жалғаңыз. Əрқашан құрылғымен қатар жеткізілген түтікшені пайдаланыңыз.
Электртоғына қосу Электр қосылымына қатысты мəлімет, құрылғы есігінің ішкі қырында орналасқан техникалық ақпарат тақтайшасында берілген. Үйдегі электр желісінің басқа да электр құрылғыларын қоса алғанда максимум қажетті жүктемені көтере алатындығын тексеріңіз. Сақтандыру туралы ескерту! Машинаны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Жоғарыда көрсетілген сақтық шарасы орындалмағандықтан машина бүлінсе немесе адам жарақат алса, өндіруші еш жауапкершілік көтермейді.
132958331-A-262011 www.zanussi.