User Manual

12
3
1
Терезе
2
Дискі
3
Параметрлер тетігі
Тəулік уақытын орнату
Тəулік уақытын орнату үшін параметрлер
тетігін басып, сағат тілдері қажетті орынға
келгенше сағат тілінің бағытына қарсы
(көрсеткі арқылы көрсетілген бағыт
бойынша) бұраңыз. Параметрлер тетігін
сағат тілінің бағытымен бұрамаңыз.
Уақытты орнатып болғаннан кейін
параметрлер тетігін бастапқы орнына
қойыңыз немесе еппен кері тартыңыз.
Қалыпты параметр
Терезеде көрінгенше, параметрлер
тетігін сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз. Осы қалыпта тұрғанда құрылғыны
қолдан іске қосасыз. Пісіру
бағдарламалағышының Соңы параметрі
сөндірулі.
Минут операторы + Пісіруді аяқтау
Тұмшапеш функциясының автоматты
түрде сөнетін уақытын орнату үшін
пайдаланыңыз. Ең көбі 180 минут уақытты
қоюға болады.
Бұл функцияны пісіру барысында
қадағалап отыруды немесе
араластыруды қажет етпейтін тағамдарды
дайындау үшін ғана пайдаланыңыз.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Параметрлер тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы, диск терезесінде
қажетті сөндіру уақыты (минут
бойынша
) көрсетілгенше бұраңыз. Кері
санақ басталады.
3. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы сөнеді.
Дыбыстық сигналды ажырату
Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытына
қарсы, терезеде
пайда болғанша
бұраңыз. Осы қалыпта тұрған кезде,
құрылғыны сөндіргеннен кейін дыбыстық
сигнал естілмейді.
Пісіру бағдарламалағышының Соңы
параметрін біржола тоқтату
Терезеде
көрінгенше параметрлер
тетігін сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз.
Керек-жарақтарды қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы істік
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті пайдаланған кезде абай
болыңыз. Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті алған кезде тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік пен гриль
ыстық. Күйіп қалу қатері бар.
1 2
4
3
8
www.zanussi.com