User manual

көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр сымдарын құрылғының есігіне,
əсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге
болмайды.
Тоққа қосулы тұрған жəне
оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
тартып суырыңыз.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз.
желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы үмкін.
Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Ашық тұрған құрылғы
есігіне күш
салмаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
үнемі жабық ұстаңыз.
Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған
дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
ыстық құрылғыға суды тура құймаңыз.
пісіріп болғаннан кейін су ыдыстар мен
сұйық тағамдарды құрылғы ішінде
ұстамаңыз.
керек-жарақтарын алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
4
www.zanussi.com