User Manual

Ұзақтық және Аяқтау
функцияларын қолданып,
құрылғының жұмыс істейтін және
сөндірілетін уақыттарын
орнатуға болады. Бұл
құрылғыны кешіктіру уақытын
пайдаланып қосуға мүмкіндік
береді. Әуелі Ұзақтық
функциясын, содан кейін Аяқтау
функциясын орнатыңыз.
Сағат функцияларын орнату
Ұзақтық және Аяқтау параметрлері
үшін тұмшапеш функциясы мен пісіру
температурасын орнатыңыз. Бұл Минут
операторы функциясы үшін қажет емес.
1. түймешігін қажетті сағат функциясы
жыпылықтай бастағанша қайта-қайта
басыңыз.
2. Қажетті сағат функциясы үшін
немесе түймешігін басып, уақытты
орнатыңыз.
Сағат функциясы жұмыс істейді.
Бейнебетте орнатылған сағат
функциясының индикаторы көрсетіледі.
Минут операторы
қолданылғанда, дисплейде
қалған уақыт көрсетіледі.
3. Уақыт аяқталған кезде сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтайды және дыбыстық сигнал
естіледі. Сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
4. Тұмшапеш функциясының тетігін және
температура тетігін "off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларында құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2. түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін
сөнеді.
Керек-жарақтарды қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдарды орнату
нұсауларын кейін пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен сөрелерді
оңай алып-салуға болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз.
Сырғытпа жолдарды
майламаңыз.
°C
1
Оң және сол
жақтағы сөре
сырғытпаларын
тартып
шығарыңыз.
1
°C
2
Сымтемір торды
сөре
сырғытпаларына
салыңыз да,
құрылғыға қарай
абайлап итеріңіз.
2
Тұмшапештің есігін жабар алдында,
сырғытпа жолдардың құрылғыға әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
www.zanussi.com 9