User manual

Қауіпсіздік термоэлементі
Қауіпсіздік термоэлементі жұмыс істеп
тұрған термоэлементті ажыратуға
арналған.
Шектен тыс қызып кету салдарынан
тұмшапештің термоэлементіне зақым
келмеу үшін, тұмшапеш тоқты үзетін
қауіпсіздік термоэлементімен
жабдықталған. Температура төмендеген
кезде тұмшапеш қайта автомтты түрде іске
қосылады.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
термоэлементі тұмшапештің
термоэлементі дұрыс жұмыс істемесе ғана
іске қосылады. Бұндай жағдай орын алған
кезде тұмшапештің температурасы өте
жоғары болады жəне барлық тағамды
күйгізіп жібереді. Термоэлементті
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына дереу хабарласу керек.
Пештің функциялары
Тұмшапеш функциялары Қолданылуы
OFF (сөндірулі) қалпы Құрылғы сөндірулі.
Дəстүрлі пісіру
Тұмшапештің үстіңгі жəне астыңғы жақтарынан бір
уақытта қыздырады. Тұмшапештің бір деңгейінде
пісіру əне қуыру үшін.
Бүтін қақтама
Бүтін қақтама элементі қосылады. Жалпақ етіп
дайындалған тағамдарды көп мөлшерде қақтауға
арналған. Тост жасау үшін.
Назарыңызда болсын! Бұл функцияға арналған
ең үлкен температура 210 °C.
Астыңғы қыздырғыш элемент
Қызу тек тұмшапештің астыңғы жағынан келеді.
Күртілдек, əрі қыртысы қатты торттарды пісіру үшін.
Желдеткіш арқылы пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей
температурада пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-
біріне сіңірмей қуыруға немесе қуырып-пісіруге
арналған.
Пицца, үнемді
Тағамды пештің бір деңгейіне қойып, желдеткішті
қолданып, астыңғы элементтер мен гриль арқылы
қуыру немесе қуырып-пісіруге арналған.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Сақтандыру туралы ескерту! Өте
сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табақты қолданыңыз.
Жемістің шырыны эмаль қаптамаға
кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар.
Сөре қатарларын құрылғының астынан
бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің екі
деңгейінде пісіруге болады. Сөрелерді 1-
ші жəне 3-ші деңгейге қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті
əрқашан артқа шегініп барып ашыңыз. Бу
аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында
пешті 10 минут іске қосып қойыңыз.
29
www.zanussi.com