User manual

Бірінші қолданғанға дейін
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің есігін ашу үшін, тұтқасын
əрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан
келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Тұмшапештің
функциясы мен ең
үлкен температурасын орнатыңыз.
2. Құрылғыны 45 минут қосып қойыңыз.
3.
функциясын орнатыңыз. Бұл
функцияға арналған ең үлкен
температура: 210 °C.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып тұруы мүмкін. Құрылғыдан иіс жəне
түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Қызу параметрлері
Басқару тетігі Функция
Сөндіру қалпы
1 - 6
Қызу параметрлері
1 - ең төмен қыздыру
параметрі; 6 - ең жоғары
қыздыру параметрі
1. Тетікті қажетті қыздыру параметріне
бұраңыз. Пеш үстін басқару
индикаторы жанады.
2.
Тағам пісіруді тоқтату үшін тетікті
қалпына қойыңыз. Пісіру алаңдарының
барлығы сөндірілсе, пештің үстін
басқару индикаторы сөнеді.
Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын
тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5 - 10
минут қалғанда сөндіріңіз.
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру
алаңы ыстық тұрған кезде жанады.
Назарыңызда болсын! Қалдық
қызуға күйіп қалу каупі бар!
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың, əрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің
түсін өзгертеді.
Қуатты үнемдеу
Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын əрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
27
www.zanussi.com