User manual
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның
қалдығынан өрт шығуы
мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе
галоген шамы қолданылған. Оны
бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен
жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
Қызмет көрсету
• Құрылғыны жөндету үшін тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Фирмалық қосалқы
бөлшектерді ғана қолдануды ұсынамыз.
25
www.zanussi.com