User manual

Пештің есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Пісіру табалары, кәстрөлдер т.с.с.
пештің сыры кетпес үшін оның
табанына қоймаңыз.
Пештің сырын кетіріп алмас үшін
оның керек-жарақтарын салып, не
алып жатқан кезде абай болыңыз.
Пештің төрт сөре қатары бар. Сөре
қатарлары пештің астынан бастап
саналады.
Әртүрлі тағамдарды пештің екі
қатарына қойып, бір мезгілде
пісіруіңізге болады. Сөрелерді 1-ші
және 3-ші қатарға қойыңыз.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына конденсат тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріліп жатқан
кезде есікті әрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу конденсаты аз
жиналу үшін пешті тағамды пісірмей
тұрып 10 минуттай қыздырып алыңыз.
Құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Тамақ пісіру барысында пештің
табанына ешқандай зат не ыдыстарды
қоймаңыз және пештің еш бөлігін
алюминий қаңылтырмен жаппаңыз,
себебі бұл пісіру нәтижесіне әсер ететін
әрі пештің сырлы қабатын бүлдіретін
қызудың жиналуына себеп болады.
Ыдыстарды, қызуға төзімді ыдыстарды,
алюминий қаңылтырды әрқашан пеш
сөрелеріне қойыңыз.
Конденсат және бу
Пеш ауаның табиғи түрде айналуын және
будың үнемі қайта пайдаланылуын
қамтамасыз ететін айрықша жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйе тамақты булы
ортада пісіруге мүмкіндік береді және
тағамдардың ішін жұмсақ, ал сыртын
қытырлақ күйде сақтайды. Сонымен қатар
тамақты пісіретін уақыт пен қуаттың
тұтынылатын мөлшері де барынша
азаяды. Тамақ пісіру барысында шығатын
бу пештің есігі ашылған кезде сыртқа
шығып кетуі мүмкін. Бұл әбден қалыпты
жағдай.
Назарыңызда болсын! Дегенмен,
жиналған будың не жылудың сыртқа
шығуына мүмкіндік беру үшін тамақ пісіру
барысында немесе соңында пештің есігін
ашқан кезде әрқашан артқа шегініңіз.
Тағам ысытылған кезде одан қайнап
жатқан шәйнектен шығатындай бу
шығады. Бу пештің есігіндегі шыныға
тиген кезде, ол шыны бетінде жиналады
да, су тамшылары пайда болады.
Конденсатты азайту үшін пеш ішіне тағам
қоймас бұрын оны жақсылап қыздырып
алыңыз. Кез келген тамақты пісірмес
бұрын пешті әрқашан алдын ала сәл (10
минуттай) қыздырып алу қажет. Біз
құрылғыны әр пайдаланып болған сайын
жиналған конденсатты сүртіп алып
отыруды ұсынамыз.
Кәстрөлдер мен ыдыстар
Кішкене ыдыстарға қарағанда, үлкен
ыдыстардың табаны жалпақ
болғандықтан, қызу тез таралып, тағам
тез пісетінін ескеріңіз.
Әрқашан пісірілетін тағамға сай келетін
ыдысты қолданыңыз. Әсіресе, сұйық
тағам қайнатқанда тым кішкене ыдыс
қолданбаңыз, себебі бұндай ыдыстағы
тағам тез тасып кетеді, немесе тағамды
тез пісіру үшін тым үлкен ыдыс
пайдаланбаңыз; Түбінде ашық жерлер
қалса, май мен сөл тез жанып, жабысып
қалады.
Торт пісіру үшін құрастырылмайтын
қаңылтыр қалыптарды пайдаланған
дұрыс. Құрастырылатын қалыптардан
жеміс шырыны мен еріген қант ағып кетеді
де, пештің табанына ағып, қатып,
тазалаған кезде оңай алынбайды.
Пластик сабы бар ыдыстарды
тұмшапешке қоймаңыз, олар қызуға
төзімсіз.
Түбі кең ыдыс тар ыдысқа қарағанда
тағамды тез пісіретіндігін ұмытпаңыз.
48