User manual

Бірінші қолданғанға дейін
Ең алғаш пайдаланбас бұрын
Назарыңызда болсын! Пешті
пайдаланбас бұрын тұмшапештің
ішіндегі және сыртындағы орам
материалдарының барлығын алыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Пеш үлгісінің нөмірін, оның есігін ашқан
кезде алдыңғы жақтаушаның астыңғы
жағында орнатылған техникалық ақпарат
тақтайшасынан таба аласыз.
Пештің қауіпсіздігі өзіне сай келетін
сақтандырғыш пен айырып-қосқыш
арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. Пештің
техникалық сипаттары оның техникалық
тақтайшасында көрсетілген.
Бос пешті қыздыру
Ең алғаш пайдаланбас бұрын, пешті еш
тағамсыз қыздырып алу қажет. Жағымсыз
иіс шығуы ықтимал, бірақ бұл әбден
қалыпты жағдай.
1. Пеш жабдықтарын алыңыз.
2. Қандай да бір жапсырмалар не
қорғауыш таспалар бар болса, оларды
да алып тастаңыз.
3. Тиісті түймешені " 250 " қалпына
қойыңыз да, пешті шамамен 45 минут
қыздырыңыз.
Бұл әрекетті гриль+бұрылмалы істік
функциясы үшін 5-10 минуттай орындау
керек.
Пештің керамика үсті
Пешті алғаш пайдаланбас бұрын оның
керамика бетін мұқият тазалаңыз, оны сәл
жылы не суық тұрған кезде мезгіл-мезгіл
тазалап отырыңыз. Үздіксіз күйген тағам
қалдығын не ластықты қатпайынша
тазаламаңыз.
Пештің керамика үстін шыныны
тазалағандай тазалап және күтіп ұстау
керек. Жеміргіш тазалағыш заттарды не
беті түрпілі заттарды ешқашан қолданбау
керек. Керамикалы шыны бетті ең алғаш
пайдаланған кезде одан уақытша жеке
тұрған судың булануына байланысты иіс
шығуы мүмкін.
Пеш жабдықтарын жұмсақ тазартқыш
заттармен тазалаңыз. Шайыңыз да
мұқият құрғатыңыз.
Пештің үсті - Күнделікті қолдану
Пісіру алаңдары
Пісіру алаңдары басқару панеліндегі
түймешелер арқылы жұмыс істейді.
Басқару түймешесінде 1-ден 9-ге дейінгі
сандар көрсетілген.
0 Off (Өшірілген)
1 Минимум қызу
9 Максимум қызу
Бір шығырықты пісіру алаңын қосу
Пісіру алаңын қосу үшін тиісті басқару
түймешесін қажетті қыздыру параметріне
қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғының
беті шытынап кетсе, электр қатеріне
ұшырамас үшін желіден ажыратып
қойыңыз.
"Пеш үсті ыстық" шамы
Бұл құрылғы пештің үсті қол тигізуге
болмайтындай ысыған кезде жанатын
шаммен жабдықталған. Пештің үсті
суығанда шам СӨНІП қалады.
45