User manual

Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері _ _ _ _ _ _ 41
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ 44
Бірінші қолданғанға дейін _ _ _ _ _ _ _ 45
Пештің үсті - Күнделікті қолдану _ _ _ 45
Пеш - Күнделікті қолдану _ _ _ _ _ _ _ 46
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-
кеңес _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 47
Пеш - Пайдалы ақыл-кеңес _ _ _ _ _ _ 47
Тамақ пісіру панелі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 50
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 52
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 54
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 56
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 57
Құрылғыны тастау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 58
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен
құрылғыны дұрыс іске қосу үшін, оны
орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де
осы нұсқаулық құрылғымен бірге болсын.
Құрылғыны пайдаланатын адамдар оның
қауіпсіздік функциялары мен іске қосу
жолдарын толық білуге тиіс.
Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен
қолдануға байланысты туындаған
ақаулықтар үшін жауапкершілік
көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұл құрылғыны жасы 8-ге толған және
одан асқан балалар мен
физиологиялық, сезімдік не болмаса
ақыл-ой шектілігіне ұшыраған не пеш
жұмысына қатысты тәжірибесі мен
білімі аз адамдар, өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның
қадағалауымен, құрылғыны іске қосу
туралы ерекше нұсқау алып, қатерлі
жағдайлардан хабардар болғаннан
кейін ғана пайдалануға тиіс. Балалар
құрылғымен ойнамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.
Балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
Жарақат алу немесе мүгедектікке
апарып соқтыратын жағдайлар орын
алуы мүмкін.
•Құрылғыда бекітпені іске қосатын
немесе бекітетін құрал болса, оны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны
байқаусызда қосып қоюына жол
бермейді.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы
нұсқаулар
•Бұл өнімді өзгертуге не оның
техникалық сипаттарына өзгеріс
енгізуге болмайды. Жарақат алу не
құрылғыға зақым келу қаупі бар.
Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын
орам материалдарының,
жапсырмалары мен төсем
материалдарының барлығын алыңыз.
Пісіру алаңдарын әр қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Әрқашан мүмкіндігінше ең төменгі
қыздыру параметрін қолданыңыз.
Тағамды тым қатты қыздырмаңыз.
Денсаулықққа акриламидке
байланысты қатер төнуі мүмкін.
Қолданылуы
Бұл құрылғы тек үйде тағам пісіруге
ғана арналып шығарылған.
•Құрылғының үстін жұмыс алаңына не
зат сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз. Өрт шыққан жағдайда
құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл
қақпағымен сөндіріңіз, оны ешқашан
сумен сөндіруге болмайды.
41