НҰСҚАУЛЫҚ ГАЗ ПЕШ ZCG550GW5 KK
Мазмұны Орнатушыға арналған нұсқаулар Қауіпсіздікке қатысты маңызды мағлұмат Техникалық мүмкіндіктер Пайдаланушыға арналған нұсқаулар Құрылғыны пайдалану Пешті пайдалану Пеш шамы Пештің үстін пайдалану Сай келетін пеш көзін таңдау Ақыл-кеңес Күтім көрсету жəне тазалау Пеш шамын ауыстыру Пештің бір бөлшегі істемей тұр Кепілдік шарттары Бұйым сатылғаннан кейін көрсетілетін қызмет Қауіпсіздікке қатысты ақыл-кеңес Газға қосу Орнату Желдету Г а зғ а қ осу Газ конверсиясы Нұсқаулықты қалай оқуға болады? Келесі бе
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МАҒЛҰМАТ Осы нұсқаулықты келешекте де пайдалану үшін құрылғымен бірге сақтап қойғанның маңызы зор. Егер құрылғы сатылса не басқа адамға берілсе, оның жаңа иесі құрылғының функцияларымен танысып, оған қатысты қауіпсіздік шараларынан да хабардар болуы үшін, нұсқаулықтың да əрқашан бірге берілуін қадағалаңыз. Бұл ескертулер қауіпсіздік мақсатында берілген. Құрылғыны орнатып не пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығуға ТИІССІЗ.
• • • • • • • • • 4 Газ пешін пайдаланған кезде оны орнатқан бөлменің ішін пештен бөлінген ыстық пен ылғал жайлайды. Желдеткіш саңылауларды бірқалыпты ұстау арқылы не желдету түтікшесі бар арнайы құрылғыны пештің үстіне орнату арқылы ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз етіңіз. Пешті ұзақ уақыт пайдаланған кезде, терезені ашу не ауа сорғыштың жылдамдығын арттыру желдету қарқынын жақсартуға тиіс. Бұл пешті суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске қоспаңыз.
• Қызмет көрсету Бұл құрылғыға қатысты жөндеу не қызмет көрсету жұмыстарын тек ғана уəкілетті қызмет көрсету маманы жүзеге асыруға тиіс жəне тек ғана өзіне сай келер сайман-бөлшектер қолданылуға тиіс. ѝ Қоршаған ортаға қатысты мəлімет Орнатқаннан соң, орауыш заттарды қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау ережелерін мұқият сақтай отырып арнайы жерге тастаңыз. • Ескі құрылғыны тастар кезде, оның кабелін кесіп алу арқылы мүлдем жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Орнатушыға арналған нұсқаулар Техникалық мүмкіндіктер Жеке тұратын пеш Пештің үсті Пеш Қосылым Класс 1 Ыдыс тірегіші Сырмен қапталған Алдыңғы оң жақ көз Жылдам Артқы оң жақ көз Қосымша Алдыңғы сол жақ көз Орташа жылдам Артқы сол жақ көз Орташа жылдам Келесі түрлерге арналған пеш үстіндегі Пеш (бекіп орнатылған ішкі есігі бар) Пеш көзінің қуаты Пеш шамы Тазалау ѝ Номинальды кернеу Номинальды жиілік Қосымша жабдықтар Өлшемдер ѝ 6 Сөре Тірегіш сөре Биіктігі Ені Тереңдігіѝ ѝ 2600 Вт 1000 Вт 2000 Вт 2
Пайдаланушыға арналған нұсқаулар Пайдалану жəне күтіп ұстау ѝ Басқару панелі 1. Пеш көзін басқару түймешесі 2. Алдыңғы сол жақ көздің қуатын басқару түймешесі 3. Артқы сол жақ көздің қуатын басқару түймешесі 4. Артқы оң жақ көздің қуатын басқару түймешесі 5. Алдыңғы оң жақ көздің қуатын басқару түймешесі 6. От тұтатқышты қосып-ажыратқыш 7. Пеш шамы/Бұрылмалы істік Пеш үсті 1. 2. 2 3 1 4 Артқы сол жақ көз (орташа-жылдам 2000 Вт) Алдыңғы сол жақ көз (орташа-жылдам 2000 Вт) 3. 4.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын Пешті пайдаланбас бұрын оның ішіндегі жəне сыртындағы орауыштардың барлығын алып тастаңыз. Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз: V.M.C. (Механикалық жолмен желдету) не терезені ашып желдету. қолдануға болады, бірақ бұл екеуін бір мезетте қатар қолдануға болмайды. Түймешедегі белгіше басқару панеліндегі белгішеге сай келеді. Өшіру (Off) Ең көп Ең аз Ең алғаш пайдаланбас бұрын пешті еш тағамсыз қыздырып алу керек.
• От тұтанған кезде түймешені шамамен 10 секунд (қауіпсіздік клапаны автоматты түрде от көзін жанған қалпы сақтап тұру үшін)уақыт басып ұстап тұрыңыз Егер қандай да бір себеппен от сөніп қалса, басқару түймешесін өшіру(off) қалпына қойып, содан кейін ең кем дегенде 1 минут уақыт өткеннен соң пешті қайта тұтатуға тырысыңыз. • Пеш есігін жабыңыз • Пешті 10 мин. ең жоғарғы көрсеткішіне қойып алдын ала қыздырып, содан соң түймешені қалаған орынға қойыңыз.
Ең жоғарғы деңгейді қайнату үшін, ең төменгі деңгейді бəсең отта баппен қайнату үшін қолданыңыз. Əрқашан ең жоғарғы мен ең төменгі деңгей аралығындағы деңгейді таңдаңыз, ешқашан ең жоғарғы мен өшіру (off) аралығындағы деңгейді таңдамаңыз. • Осы кезде, басқару түймешесін солға бұрап “ауқымды жалын” газ жанғанша (тұтандырғыштан газды жағатын ұшқын пайда болғанша) ұстап тұрыңыз. Отты тұтатқан соң жалынды қажетінше ұлғайтып не азайтуға болады.
• Отты тұтатқан соң жалынды қажетінше ұлғайтып не азайтуға болады. Егер қандай да бір себептерге байланысты от жалыны сөніп қалса, сəйкес келер басқару түймешесін ажыратып ең аз дегенде бір минут қоя тұрыңыз да, қайтадан тұтатып көріңіз. Егер бірнеше рет əрекеттенгенге қарамай отты тұтата алмасаңыз, пеш көзінің шығырығы мен табақшасының дұрыс тұрған-тұрмағанын тексеріңіз. Пеш көздерін өшіріп қою Пеш көзін сағат бағытымен бұрап мына белгішеге қойыңыз:« ».
Ақыл-кеңес Конденсат жəне бу Тағам ысытылған кезде одан қайнап жатқан шəйнектен шығатындай бу шығады. Будың аздаған бөлігі пештің желдеткіш саңылаулары арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен, жиналған бу не жылуды шығарып жіберу үшін, пеш есігін ашарда əрқашан артқа шегініп тұрыңыз. Егер пештің жақтауы тəрізді сыртқы салқын бетін бу шалса, онда конденсат түзіліп су тамшылары пайда болады. Бұл қалыпты жағдай, пештің еш жерінде кінəрат жоқ.
ѝ Күтім көрсету жəне тазалау Бұл пешті əрқашан таза ұстау керек. Жиналған май не тағам өрт қатерін тудырады, əсіресе гриль табасында бұл қатердің орын алу ықтималдығы жоғары. Тазаламас бұрын барлық басқару түймешелерінің өшіру (OFF) қалпында тұрғанына жəне пештің əбден суығандығына көз жеткізіңіз. Қандай да бір жөндеу не тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын міндетті түрде пешті электр желісінен АЖЫРАТЫП алуға тиіссіз.
Пеш есігін алып қою Пеш есігін жеңіл тазалау үшін оның есігін алып қоюға болады. Пеш есігін көлденеңінен ашыңыз. Содан соң пеш есігінде орналасқан екі топсадағы бекіткіштерді шегіне жеткенше көтеріңіз(a). Есікті ақырын тоқтағанынша жауып барып топсалары шыққанша жоғары көтеріңіз(b). Пеш есігін орнына қою Есікті топсаларына қайта қондырған кезде есікті топсасынан алған кезде орындаған əрекеттерді кері тəртіп бойынша орындаңыз. Пеш топсасын ойыстарға қайта салыңыз (c).
Пеш есігінің шыны панелі жылы күйде тұрғанда есікті ешқашан ТАЗАЛАМАҢЫЗ. Егер бұл сақтық шарасы сақталмаса шыны панель сынып қалуы мүмкін. Қатты түрпілі тазалағыштарды не өткір темір қырғыштарды пештің бетін тазалау үшін қолданбаңыз,себебі оның терезесі сынып қалуы мүмкін. Егер пеш терезесінің бір жері сынып не оған сызат түссе шыны босап қалатындықтан,күл-талқаны шықпас үшін оны ауыстыру қажет. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласып бұдан кейін нендей шара қолдану туралы кеңес алыңыз.
ПЕШ ШАМЫН АУЫСТЫРУ Ескерту: Электрдің қатерлі əсеріне ұшырап қалмау үшін шамды ауыстырмас бұрын пешті ажыратып қоюды естен шығармаңыз. Бұл 15 Вт, E 14 конвекциялы (230/240 В),300°C дейінгі “жоғарғы” температураға арналған арнайы шам. Бұл шам тапсырыс бойынша жеткізіледі. Шам пештің артқы жағында жоғарырақ орнатылады жəне оған пештің ішкі жағынан да қол жетеді. • Шамның шыны қалпағын шешіп алыңыз; • Шамды бұрап босатып алыңыз; • Ауыстырылған шамды бұрап орнына қойыңыз; • Шамның қалпағын қайта кигізіңіз.
ПЕШТІҢ БІР БӨЛШЕГІ ІСТЕМЕЙ ТҰР Егер пештің бір жері істемей тұрса жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын келесі тексерулерді жүзеге асырыңыз. МАҢЫЗДЫ: Егер төмендегі тізімде көрсетілген ақаулықтар үшін не дұрыс пайдаланбау мен орнатпаудың нəтижесінде орын алған ақауларды жөндету үшін арнайы маман шақырсаңыз, бұйымның кепілдік мерзімі əлі аяқталмаса да жөндеу жұмыстары ақылы орындалады. Белгілері Шешімі 1.
Кепілдік шарттары Келісім-шартта көрсетілген кепілдік Пешті эксплутацияға кіргізгеннен кейінгі 2 жылдың ішінде өндіруші “Қосымша саймандар” бөлімінде көрсетілмеген, бірақ бүлінген бөлшектерді айырбастап береді. Шартты қолданатын жағдайлар Осы кепілдік шарты орындалу үшін бұйымды сізге сатқан сату орнына барып өз кепілдік құжатыңызды көрсетіңіз. Сатушы өз сауда жасау талаптарына сай жұмыс күшіне жəне тасымалдауға кеткен шығындарды көтеруі не көтермеуі мүмкін.
ѝ ѝ Электр желісіне жалғау Қауіпсіздікке қатысты ақыл-кеңес Газға қосу Бұл пеш 230В, 50Гц айнымалы ток желісіне • Жергілікті газбен қамтамасыз ету (газ түрі қосуға арналып жасалған. жəне қысымы) тұрақты екендігін жəне Бұйымды қоспас бұрын оған берілетін құрылғы алдын ала тұрақты электр кернеуі құрылғының техникалық орнатылғандығын бұйымды орнатпай сипаттар тақтайшасындағы кернеу мəніне тұрып тексеріп алыңыз. сай келетіндігін тексеріңіз. • Бұл бұйымды тек жақсы желдетілетін бөлмеде орнату керек.
ОРНАТУ Орнына қою Бұйымның барлық орауыш материалдарын алып, оны құрғақ əрі желдетілетін бөлмеге перде мен қағаз, спирт тəрізді заттар маңынан аулақ орнатыңыз. min Пешті астына қандай да бір төсеніш зат қоймай еден үстіне тура қою керек. Бұл пеш айналасындағы заттардың беткі қабатын қыздырғыштығы бойынша “1” класс өнімдерінің қатарына жатады деп танылған. Іргелес тұрған жиһаздар мен пештің арасында міндетті түрде 2 см орын қалу керек.
Г а зғ а қо су Иілмейтін не иілгіш құбырлар арқылы газ желісіне қосу Қауіпсіздік деңгейі жоғары болу үшін пешті газ жүйесіне иілмейтін құбырларды қолданып қосуды ұсынамыз (мысалы, мыс) не бұйымға еш күш түспес үшін тот баспайтын болаттан жасалған иілгіш құбырларды қолдану керек. Газды пешке жеткізетін құбыр фиттингі Gc1/2. Қосылымның мұндай түрлерін жүзеге асыру үшін, қолданыстағы ережелерге сай газ жүйесіне қосылу үшін тек ғана иілгіш металл түтіктер қолданылуға тиіс.
Газ конверсиясы Пешіңіз табиғи газбен жұмыс істеуге арналып жасалған жəне оны пропан не бутан газдарымен жұмыс істетуге лайықтап алуға болады. Жергілікті қызмет көрсету орталығы LPG газын конверсиялауға арналған құралдар жиынымен қамтамасыз ете алады жəне оны тек ғана қызмет көрсету саласындағы уəкілетті маман орнатуға тиіс.
ѝ Пеш үстіндегі көздердің форсункасын ауыстырыңыз. Қандай да бір өзгерістер жасамас бұрын не басқа газға қатысты техникалық параметрлерді қалыптастырмас бұрын, пешті міндетті түрде электр желісінен АЖЫРАТЫП, оның барлық басқару түймешелерін өшіріп (OFF) жəне құрылғыны əбден суытып алуыңыз керек. Газ түрін өзгерткенде ең төменгі деңгейдің дұрыс таңдалғанын тексеріңіз. Жалынның ұзындығы 4 мм болса, ауа дұрыс қосылып тұр деген сөз. Үстіңгі пеш көздері үшін бастапқы қосылатын ауаны реттеудің қажеті жоқ.
Пеш үстіндегі көздердің форсункасын ауыстырыңыз. Пеш көздері Ішкі есігі бекітіліп орнатылған пештер үшін Газ пешінің форсункаларын ауыстыру үшін келесі əрекетті орындаңыз: • 1-ші кестеге қарап форсунка диаметрін тексеріңіз: • Пештің A алынбалы астыңғы панелін алыңыз; • Пештің артындағы пеш көзінің өзекшесіндегі бұрама шегені ағытып алыңыз; • Пеш көзін артқа қарай итере отырып алыңыз.
регулировкаѝвоздухаѝ M A Ең төменгі деңгейді реттеп орнату Пеш көздері • • • • • • Кəстрөлдің жоғарғы тірегішін, сондай-ақ пеш көзінің табақшаларын жəне шығырықтарын алыңыз. Пеш көзін түймешені ең жоғарғы деңгейге қойып тұтатып, пеш есігін 10 мин жауып қойыңыз. Түймешені жаймен ең төменгі деңгейге апарып қойыңыз. Ең аз ағымды орнату үшін түймешені өзіңізге қарай тартып алыңыз. Тұрақты əрі кішкене ғана жалын пайда болу үшін «байпас» бұрама шегесін ағытыңыз не бекітіңіз.
www.electrolux.