ѝ ѝѝНҰСҚАУЛЫҚ ѝ ѝѝѝѝѝѝѝѝѝѝ ѝѝѝѝѝѝѝГАЗ ПЕШ ѝ ѝѝѝѝѝѝѝѝѝѝѝѝѝѝѝ ZCG052GW1
Мазмұны Орнатушыға арналған нұсқаулар Қауіпсіздікке қатысты маңызды мағлұмат Техникалық мүмкіндіктер Пайдаланушыға арналған нұсқаулар Құрылғыны пайдалану Пешті пайдалану Гриль құрылғысын пайдалану Бұрылмалы істік Пеш шамы Пештің үстін пайдалану Сай келетін пеш көзін таңдау Ақыл-кеңес Күтім көрсету жəне тазалау Пеш шамын ауыстыру Пештің бір бөлшегі істемей тұр Кепілдік шарттары Бұйым сатылғаннан кейін көрсетілетін қызмет Қауіпсіздікке қатысты ақыл-кеңес Газға қосу Орнату Желдету Г а зғ а қ осу Газ конверсияс
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МАҒЛҰМАТ Осы нұсқаулықты келешекте де пайдалану үшін құрылғымен бірге сақтап қойғанның маңызы зор. Егер құрылғы сатылса не басқа адамға берілсе, оның жаңа иесі құрылғының функцияларымен танысып, оған қатысты қауіпсіздік шараларынан да хабардар болуы үшін, нұсқаулықтың да əрқашан бірге берілуін қадағалаңыз. Бұл ескертулер қауіпсіздік мақсатында берілген. Құрылғыны орнатып не пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығуға ТИІССІЗ.
• • • • • • • • • 4 Газ пешін пайдаланған кезде оны орнатқан бөлменің ішін пештен бөлінген ыстық пен ылғал жайлайды. Желдеткіш саңылауларды бірқалыпты ұстау арқылы не желдету түтікшесі бар арнайы құрылғыны пештің үстіне орнату арқылы ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз етіңіз. Пешті ұзақ уақыт пайдаланған кезде, терезені ашу не ауа сорғыштың жылдамдығын арттыру желдету қарқынын жақсартуға тиіс. Бұл пешті суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске қоспаңыз.
• Қызмет көрсету Бұл құрылғыға қатысты жөндеу не қызмет көрсету жұмыстарын тек ғана уəкілетті қызмет көрсету маманы жүзеге асыруға тиіс жəне тек ғана өзіне сай келер сайман-бөлшектер қолданылуға тиіс. ѝ Қоршаған ортаға қатысты мəлімет Орнатқаннан соң, орауыш заттарды қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау ережелерін мұқият сақтай отырып арнайы жерге тастаңыз. • Ескі құрылғыны тастар кезде, оның кабелін кесіп алу арқылы мүлдем жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Орнатушыға арналған нұсқаулар Техникалық мүмкіндіктер Жеке тұратын пеш Пештің үсті Пеш Қосылым Қосымша жабдықтар Өлшемдер ѝ 6 Класс 1 Ыдыс тірегіші Сырмен қапталған Алдыңғы оң жақ көз Қосымша Артқы оң жақ көз Жылдам Алдыңғы сол жақ көз Жылдам Артқы сол жақ көз Орташа жылдам Келесі түрлерге арналған пеш үстіндегі Пеш (бекіп орнатылған ішкі есігі бар) Пеш көзінің қуаты Гриль Гриль көзінің қуаты Пеш шамы Бұрылмалы істік Тазалау Номинальды кернеу Номинальды жиілік Сөре Тірегіш сөре Гриль дефлекторы ѝ Биік
Пайдаланушыға арналған нұсқаулар Пайдалану жəне күтіп ұстау ѝ Басқару панелі 1. Пеш шамы/Бұрылмалы істік 2. Пеш/Гриль от көзін басқару түймешесі 3. Алдыңғы сол жақ көздің қуатын басқару түймешесі 4. Артқы сол жақ көздің қуатын басқару түймешесі 5. Артқы оң жақ көздің қуатын басқару түймешесі 6. Алдыңғы оң жақ көздің қуатын басқару түймешесі 7. От тұтатқышты қосып-ажыратқыш Пеш үсті 1. 2. 2 3 1 4 Артқы сол жақ көз (жылдам - 2400 Вт) Алдыңғы сол жақ көз (орташа-жылдам 1800 Вт) 3. 4.
Құрылғыны пайдалану Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын Пешті пайдаланбас бұрын оның ішіндегі жəне сыртындағы орауыштардың барлығын алып тастаңыз. Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз: V.M.C. (Механикалық жолмен желдету) не терезені ашып желдету. Ең алғаш пайдаланбас бұрын пешті еш тағамсыз қыздырып алу керек. Осы кезде, жағымсыз иістің шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Пештің қосымша жабдықтарын алып, оның барлық орауыштарының алынғанын тексеріңіз. 2.
• Осы кезде басқару түймешесін сол жаққа қарай бұрап орынға қойыңыз да, басқару түймешесін басып газ жанғанша (от тұтатқыштан газ көзін жағатын ұшқын пайда болғанша) ұстап тұрыңыз. • От тұтанған кезде түймешені шамамен 10 секунд (қауіпсіздік клапаны автоматты түрде от көзін жанған қалпы сақтап тұру үшін)уақыт басып ұстап тұрыңыз Егер қандай да бір себеппен от сөніп қалса, басқару түймешесін өшіру(off) қалпына қойып, содан кейін ең кем дегенде 1 минут уақыт өткеннен соң пешті қайта тұтатуға тырысыңыз.
A Егер қандай да бір себептерге байланысты от жалыны өшіп қалса басқару түймешесін " " қалпына қойып, ең кем дегенде 1 минут қоя тұрып содан соң қайта тұтатып көріңіз. Не электр қуаты өшіп қалса Қызу пештің жоғарғы жағынан келеді. Бұл жұмсақ қалпында қалатын етті (сиыр бэконы, шошқа бэконы …), қыздыруға не бұрын пісірілген етті қызарта қарып пісіруге жарайды. Гриль отын тұтату Назар аударыңыз: гриль құрылғысының көзін тұтатқанда пеш есігін ашу керек.
Пайдаланған кезде гриль табасы ысып кететіндіктен, ыстық гриль табасын əрқашан арнаулы қолғап киіп алыңыз не алмастырыңыз. Гриль көзін сөндіру Түймешені сағат бағытымен бұрап « » белгішесіне қойыңыз. Қауіпсіздік құралы қосылулы тұр. Грильдеу Гриль функциясын пайдаланған кезде оны бақылап отыру керек, пеш есігі ашылып гриль дефлекторы “A” орнында тұруы керек. Абай болыңыз: Гриль функциясы пайдаланылып тұрғанда пештің қол жетер жердегі бөлшектері ысып тұруы мүмкін. Жас балаларды пештен аулақ ұстау керек.
• Қуыруға арналған торды қуыру сөресімен бірге 2-ші бағыттауыш жолаққа сырғытып орналастырыңыз. • Бірінші жағы қызарған кезде сөлі ағып кетпес үшін шаншымай-ақ аударыңыз. • Екінші жағын грильдеңіз. Грильмен пісіру уақыты пісірілетін тағамның салмағы арқылы емес оның қалыңдығы арқылы анықталады. 2. Қызартып қару • Пеш/гриль басқару түймешесін “гриль” орнына қойыңыз. • Тағамды тордың үстіне қойып оны 2 не 3ші бағыттауыштың үстіне сырғытып қойыңыз. • Тағамды грильдің астына бірнеше минут қоя тұрыңыз. 7. 3.
Пеш шамы Пеш шаммен жабдықталған. Пеш шамы басқару панелін ажыратып-қосқыш басылған кезде жанады. Төменде тағам пісіруге қойылатын талаптар көрсетілген, нұсқаулық ретінде қолдануға болатын кестелер берілген. Кейбір өзгерістерді өзіңіздің тағам пісіру тəжірибеңізге сай енгізуіңізге болады. Торттар Сөре қатары Алдын ала қыздыру1) мин Пісіру уақыты, мин.
• Осы кезде, басқару түймешесін солға бұрап “ауқымды жалын” газ жанғанша (тұтандырғыштан газды жағатын ұшқын пайда болғанша) ұстап тұрыңыз. Отты тұтатқан соң жалынды қажетінше ұлғайтып не азайтуға болады. Егер қандай да бір себептерге байланысты от жалыны өшіп қалса басқару түймешесін " " қалпына қойып, ең кем дегенде 1 минут қоя тұрып содан соң қайта тұтатып көріңіз. Егер бірнеше рет əрекеттенгенге қарамай отты тұтата алмасаңыз, пеш көзінің шығырығы мен табақшасының дұрыс тұрған-тұрмағанын тексеріңіз.
Бұйым құрамына кіретін қосымша жабдықтар Келесі қосымша жабдықтар бұйыммен қатар жеткізіледі : • гриль дефлекторы Гриль не бұрылмалы істік пайдаланылып тұрғанда қолданылады. • бұрылмалы істік құрамына: - 2 айыр - 1 істік - 1 ұстағыш - 1 істік тіреуіші • тағамдарды қоюға арналған сөре (қуыру, тоқаш өнімдері үшін) тəрізді жабдықтар кіреді Салмақ тепе-теңдігін сақтау үшін тағамды сөренің ортасына қою керек.
Ақыл-кеңес Конденсат жəне бу Тағам ысытылған кезде одан қайнап жатқан шəйнектен шығатындай бу шығады. Будың аздаған бөлігі пештің желдеткіш саңылаулары арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен, жиналған бу не жылуды шығарып жіберу үшін, пеш есігін ашарда əрқашан артқа шегініп тұрыңыз. Егер пештің жақтауы тəрізді сыртқы салқын бетін бу шалса, онда конденсат түзіліп су тамшылары пайда болады. Бұл қалыпты жағдай, пештің еш жерінде кінəрат жоқ.
ѝ Күтім көрсету жəне тазалау Бұл пешті əрқашан таза ұстау керек. Жиналған май не тағам өрт қатерін тудырады, əсіресе гриль табасында бұл қатердің орын алу ықтималдығы жоғары. Тазаламас бұрын барлық басқару түймешелерінің өшіру (OFF) қалпында тұрғанына жəне пештің əбден суығандығына көз жеткізіңіз. Қандай да бір жөндеу не тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын міндетті түрде пешті электр желісінен АЖЫРАТЫП алуға тиіссіз.
Пеш есігінің шыны панелі жылы күйде тұрғанда есікті ешқашан ТАЗАЛАМАҢЫЗ. Егер бұл сақтық шарасы сақталмаса шыны панель сынып қалуы мүмкін. Қатты түрпілі тазалағыштарды не өткір темір қырғыштарды пештің бетін тазалау үшін қолданбаңыз,себебі оның терезесі сынып қалуы мүмкін. Егер пеш терезесінің бір жері сынып не оған сызат түссе шыны босап қалатындықтан,күл-талқаны шықпас үшін оны ауыстыру қажет. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласып бұдан кейін нендей шара қолдану туралы кеңес алыңыз.
Пеш шамын ауыстыру ѝ Ескерту: Электрдің қатерлі əсеріне ұшырап қалмау үшін шамды ауыстырмас бұрын пешті ажыратып қоюды естен шығармаңыз. Бұл 15 Вт, E 14 конвекциялы (230/240 В),300°C дейінгі “жоғарғы” температураға арналған арнайы шам. Бұл шам тапсырыс бойынша жеткізіледі. Шам пештің артқы жағында жоғарырақ орнатылады жəне оған пештің ішкі жағынан да қол жетеді. • Шамның шыны қалпағын шешіп алыңыз; • Шамды бұрап босатып алыңыз; • Ауыстырылған шамды бұрап орнына қойыңыз; • Шамның қалпағын қайта кигізіңіз.
Пештің бір бөлшегі істемей тұр Егер пештің бір жері істемей тұрса жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын келесі тексерулерді жүзеге асырыңыз. МАҢЫЗДЫ: Егер төмендегі тізімде көрсетілген ақаулықтар үшін не дұрыс пайдаланбау мен орнатпаудың нəтижесінде орын алған ақауларды жөндету үшін арнайы маман шақырсаңыз, бұйымның кепілдік мерзімі əлі аяқталмаса да жөндеу жұмыстары ақылы орындалады. Белгілері Шешімі 1.
Кепілдік шарттары Келісім-шартта көрсетілген кепілдік Пешті эксплутацияға кіргізгеннен кейінгі 2 жылдың ішінде өндіруші “Қосымша саймандар” бөлімінде көрсетілмеген, бірақ бүлінген бөлшектерді айырбастап береді. Шартты қолданатын жағдайлар Осы кепілдік шарты орындалу үшін бұйымды сізге сатқан сату орнына барып өз кепілдік құжатыңызды көрсетіңіз. Сатушы өз сауда жасау талаптарына сай жұмыс күшіне жəне тасымалдауға кеткен шығындарды көтеруі не көтермеуі мүмкін.
ѝ Қауіпсіздікке қатысты ақыл-кеңес Газға қосу • • • • • Жергілікті газбен қамтамасыз ету (газ түрі жəне қысымы) тұрақты екендігін жəне құрылғы алдын ала тұрақты орнатылғандығын бұйымды орнатпай тұрып тексеріп алыңыз. Бұл бұйымды тек жақсы желдетілетін бөлмеде орнату керек. Бұл бұйымды түтін мұржасына қоспау керек. Бұл пешті орнату мен қосу жұмыстары қолданыстағы ережелерге сай жүзеге асырылуға тиіс. Желдетуге қатысты қалдық заттарды тастауға ерекше назар аудару керек.
Орнату Орнына қою Бұйымның барлық орауыш материалдарын алып, оны құрғақ əрі желдетілетін бөлмеге перде мен қағаз, спирт тəрізді заттар маңынан аулақ орнатыңыз. min Пешті астына қандай да бір төсеніш зат қоймай еден үстіне тура қою керек. Бұл пеш айналасындағы заттардың беткі қабатын қыздырғыштығы бойынша “1” класс өнімдерінің қатарына жатады деп танылған. Іргелес тұрған жиһаздар мен пештің арасында міндетті түрде 2 см орын қалу керек.
Газға қосу Иілмейтін не иілгіш құбырлар арқылы газ желісіне қосу Қауіпсіздік деңгейі жоғары болу үшін пешті газ жүйесіне иілмейтін құбырларды қолданып қосуды ұсынамыз (мысалы, мыс) не бұйымға еш күш түспес үшін тот баспайтын болаттан жасалған иілгіш құбырларды қолдану керек. Газды пешке жеткізетін құбыр фиттингі Gc1/2. Қосылымның мұндай түрлерін жүзеге асыру үшін, қолданыстағы ережелерге сай газ жүйесіне қосылу үшін тек ғана иілгіш металл түтіктер қолданылуға тиіс.
Газ конверсиясы Пешіңіз табиғи газбен жұмыс істеуге арналып жасалған жəне оны пропан не бутан газдарымен жұмыс істетуге лайықтап алуға болады. Жергілікті қызмет көрсету орталығы LPG газын конверсиялауға арналған құралдар жиынымен қамтамасыз ете алады жəне оны тек ғана қызмет көрсету саласындағы уəкілетті маман орнатуға тиіс.
ѝ Пеш үстіндегі көздердің форсункасын ауыстырыңыз. Қандай да бір өзгерістер жасамас бұрын не басқа газға қатысты техникалық параметрлерді қалыптастырмас бұрын, пешті міндетті түрде электр желісінен АЖЫРАТЫП, оның барлық басқару түймешелерін өшіріп (OFF) жəне құрылғыны əбден суытып алуыңыз керек. Газ түрін өзгерткенде ең төменгі деңгейдің дұрыс таңдалғанын тексеріңіз. Жалынның ұзындығы 4 мм болса, ауа дұрыс қосылып тұр деген сөз. Үстіңгі пеш көздері үшін бастапқы қосылатын ауаны реттеудің қажеті жоқ.
Пеш үстіндегі көздердің форсункасын ауыстырыңыз. Пеш көздері Ішкі есігі бар пештер үшін Газ пешінің форсункаларын ауыстыру үшін келесі əрекетті орындаңыз: • 1-ші кестеге қарап форсунка диаметрін тексеріңіз: • Пештің A алынбалы астыңғы панелін алыңыз; • Пеш көзіндегі B бұрама шегесін алыңыз; • Пеш көзін артқа қарай итере отырып алыңыз. • №10 тығырық ағытқыш кілтті пайдалана отырып "C" форсункасын ауыстырыңыз; Осы əрекеттерді кері тəртіпте орындау арқылы бөлшектерді қайта жинаңыз.
• Бірақ жалын тым ұзын болып əрі шалықтай шықса, жарқырап жанса клапандағы ауа жеткіліксіз екендігін білуге болады. Мұндай жалынның əсерінен ыдыс түбінің сыры өшеді. регулировкаѝвоздухаѝ • M бұрама шегесін босату не қатайту. • A ауа реттегішін газ бен ауаның қажетті қоспасын алғанша алдыға не артқа қозғаңыз; • M бұрама шегесін қатайтыңыз.
www.electrolux.com Albania +35 5 4 261 450 Rr. Pjeter Bogdani Nr. 7 Tirane Belgique/België/Belgien +32 2 363 04 44 Bergensesteenweg 719, 1502 Lembeek Česká republika +420 2 61 12 61 12 Budějovická 3, Praha 4, 140 21 Danmark +45 70 11 74 00 Sjællandsgade 2, 7000 Fredericia Deutschland +49 180 32 26 622 Muggenhofer Str. 135, 90429 Nürnberg Eesti +37 2 66 50 030 España +34 902 11 63 88 Mustamäe tee 24, 10621 Tallinn Carretera M-300, Km.
www.electrolux.com www.electrolux.