User manual

Күту менен тазалау
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уəкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал
сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп
алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі
түтікшелер жəне/не сымдардың
ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не
бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар
мен аса хош
иістендірілген тазалағыш заттарды не
балауыз жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар
құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда
ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара
гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
құрылғы жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге еш
нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік
заттардың құрамында
осы құрылғы үшін пайдаланылған
пластиктерге зиянды əсер ететін
химикаттар бар. Сондықтан да осы
құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған
жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау
ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнерге түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Тамақтардың үстіне су төгіліп немесе
тамшыламас үшін тоңазытқыш
ортасындағы каналдағы еріген суды
ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл тазалап
отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны
су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Мұздатқыш камера мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі камераның
айналасына белгілі бір мөлшерде ылғи
қырау жиналып тұрады.
Қырау қабатының қалыңдығы шамамен 3-5
мм жеткен кезде мұздатқышты жібітіңіз.
Өте маңызды! Жібітуге 12 сағат қалғанда,
құрылғы жұмысын тоқтатуға жеткілікті суық
қорын қалыптастыру үшін температура
түймешесін ең жоғарғы параметрге
қойыңыз.
Қырауды тазарту үшін төмендегі
шараларды жүзеге асырыңыз:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
8