User manual

суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Əдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дəл тауып орнату
үшін құрылғының ішіндегі температураның
төмендегі жағдайларға:
бөлме температурасына
есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
сақталатын тағамның мөлшеріне
құрылғы орнатылған жерге байланысты
екендігін есте ұстау қажет.
Өте маңызды! Егер бөлме
температурасы жоғары болса не тағам
тоңазытқыш ішіне толтыра салынса жəне
құрылғы төменгі температурада тұрса,
құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның
қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Бұндай
жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын
қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп
кетуіне мүмкіндік беру
қажет.
Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тəн иісті арылту үшін оның
іші мен ішкі керек-жарақтарын сəл нейтрал
сабын салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
Əркүндік қолдану
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған жəне мұздатылған
тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін орташа
температураны өзгертудің қажеті жоқ.
Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз
келсе, температура түймешесін максимум
суықтыққа қою үшін жоғары параметрге
қойыңыз.
Өте маңызды! Бұндай жағдайда,
тоңазытқыш камерадағы температура 0°C
градустан төмен түсіп кетуі мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, температура
түймешесін жылырақ параметрге əкеліп
қойыңыз.
Мұздатылған тағамды сақтайтын
камера
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды мұздатқыш камераға
салмай тұрып құрылғыны жоғары
параметрлерге қойып кем дегенде 2 сағат
қосып алыңыз.
Сақталатын тағамның мөлшері көп болса,
құрылғының ішіндегі суырмалар мен
себеттердің барлығын алыңыз да,
тоңазыту барысында жақсы нəтижеге жету
үшін салқындатқыш сөрелердің үстіне
қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Қойылатын
тағам мөлшерінің үстіңгі бөлік(бар
болса)үшін көрсетілген салмақ шегінен
асып кетпеуін қадағалаңыз.
Өте маңызды! Мысалы, электр қуаты
өшіп қалып құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп
кетсе жəне электр қуаты техникалық
сипаттамалар кестесінің "температураның
жоғарлау уақыты" бөлімінде көрсетілген
шамадан да ұзақ уақыт жоқ болса,
тағамды дереу тауысу не пісіріп барып
қайта тоңазыту керек(салқындатқан соң).
5