A B C D
A B C D
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулар Бұл өнімді сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл құрылғыны қауіпсіз жəне тиісінше пайдалану үшн осы құжатты мұқият оқып шығыңыз. Кез келген белгісіз мəселелерді жылдам шешу үшін бұл ақпаратты қолыңызға жақын ұстаңыз. Егер кез келген мəселелер түсініксіз болса, жергілікті дилеріңізге немесе проектормен бірге берілген "Пайдаланушы нұсқаулығында" берілген ең жақын мекенжайға хабарласыңыз.
Сақтандыру Бұл құрылғыны тек Epson проекторлары үшін пайдалануға болады. Егер ол компьютер сияқты басқа құрылғыға орнатылған болса, ол компьютердің бұзылуына, зақымдалуына не ақаулықтарға апарып соғуы мүмкін. Бұл құрылғыны бөлшектемеңіз не үлгісін өзгертпеңіз. Бұл өртенуге апарып соғуы мүмкін. Бұл құрылғы тек бөлме ішінде пайдаланылуға арналған.
Радиотелеграфия заңында келесі əрекеттерге тыйым салынған. Өзгерту жəне бөлшектеу (антеннаны қоса) Сəйкестілік заттаңбасын алып тастау Халықаралық жиһангездік бойынша сақтық шаралары Сымсыз құрылғылар пайдаланылатын елдердің арна мен жиілік шектеулеріне сəйкес болу үшін жасақталған. Бұл құрылғы сату елінің сипаттамаларына негізделген. Егер бұл құрылғы сату елінен тыс пайдаланылса, қосымша ақпаратты дилермен тексеріңіз.
Сымсыз желі қосылымдарына шолу Сымсыз жергілікті желі құрылғысы проекторға басқа құрылғылармен сымсыз түрде байланысуға мүмкіндік береді. Осы құрылғыны проекторға жалғаған кезде, орнатылған сымсыз жергілікті желі функциясымен компьютердің экранын немесе сымсыз желі арқылы смартфондар мен планшеттердің мазмұнын проекциялауға болады. Желі ортасына байланысты екі байланыс режимі қолжетімді. Жылдам байланыс режимі Құрылғыны жергілікті желіні (LAN) пайдаланусыз проекторға тікелей қосады.
Quick Wireless Connection USB кілті (Windows) Компьютердің экранын жай ғана осы кілтті қосу арқылы проекциялайды. Кілтті Epson веб-сайтынан немесе жергілікті дилеріңізден сатып алуға болады. Орнату 1. Сымсыз жергілікті желі құрылғысын орнату Осы құрылғыны проектордың сымсыз жергілікті желі құрылғысын орнату бөліміне немесе USB-A портына орнатыңыз. Орнату орны проекторға байланысты өзгешеленеді. Қосымша мəліметтерді проектормен берілген "Пайдаланушы нұсқаулығынан" қараңыз.
*2 SSID Auto Setting параметрі On күйіне орнатылған кезде, Passphrase параметрі қарапайым қатынас нүктесі (тек қолдау көрсетілген үлгілерде) ретінде қызмет ететін проекторға автоматты түрде орнатылады. Epson iProjection пайдалану жəне байланыс қауіпсіздігін жақсарту үшін Passphrase параметрін өзгертіңіз. 3.
Тұтынушыларға арналған ақпарат Бұл құрылғы - сымсыз желі арқылы дерек алмасу үшін басқа электрондық құрылғылармен байланысты қамтамасыз ететін EPSON СКД проекторларына арналған сымсыз жергілікті желі адаптері. Қауіпсіздік +нұсқаулары Құрылғыны пайдалану алдында барлық қауіпсіздік жəне пайдалану бойынша нұсқаулықтар оқылуы керек. Барлық нұсқаулықтарды оқып шыққаннан кейін, ақпаратты кейінірек қарау үшін сақтап қойыңыз. Ескерту Құрылғыны бөлшектемеңіз не үлгісін өзгертпеңіз.
ТМД елдеріндегі «ЭПСОН ТМД» ЖШС ресми өкіл Мекенжайы: Мəскеу қ-сы, 129110, Щепкин к-сі, 42, 2a ғимараты, 3-пəтер, “Чайка Плаза” бизнес орталығы Телефоны: +7 (495) 777-0355/56 веб: http://www.epson.ru/ электрондық пошта: info_CIS@epson.ru EPSON EUROPE B.V. МƏСКЕУДЕГІ ӨКІЛЕТТІ КЕҢСЕСІ Мекенжайы: Мəскеу қ-сы, 129110, Щепкин к-сі, 42, 2a ғимараты, 3-пəтер, “Чайка Плаза” бизнес орталығы Телефоны: +7 (495) 777-0355/56 веб: http://www.epson.