Пайдалану нұсқаулығы
Орнату диаграммалары 4 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 6 Қоршаған ортаны қорғау 9 ЭКО дизайн туралы мәлімдеме 9 Қолданар алдында 9 Бұрыннан бар ыдыстарды қолдану 10 Ыдыстардың түбіне ұсынылған диаметрлер 10 Орнату 10 Электр қосылымы 11 Пайдалану нұсқаулығы 12 Тазалау 16 Ақаулық жою нұсқаулығы 16 Тұтынушыға қызмет көрсету 17 Қуат деңгейінің кестесі 18 Функциялар кестесі 19 Пісіру кестесі 20
Орнату диаграммалары 280 мм 180 мм 180 мм 145 мм Min. 5 cm Min. 10 cm Min. 3 cm Max. 6 cm R = Min. 6,5 mm Max. 8 mm 0 750 +2 mm Min. 50 mm 0 490 +2 mm 0 R = 11,5 mm 773 +2 mm Min. 50 mm 0 0 513 +2 mm 0 750+2 490+2 mm mm R = 11,5 mm R = Min. 6,5 mm Max.
Орнату диаграммалары 5 mm 5
Бұл нұсқаулар сондай-ақ веб-торапта қолжетімді: docs. kitchenaid.eu МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ ЕҢ БАСТЫСЫ - ҚАУІПСІЗДІК Бұл нұсқаулықта және құралдың өзінде барлық уақытта оқылып, қарастырылуы тиіс маңызды қауіпсіздік хабарлары көрсетілген. Бұл – қауіпсіздікке қатысты, пайдаланушыларға және басқаларға төнетін ықтимал қауіп-қатер туралы ескертетін қауіптілік белгісі.
-- Қуат кабелі құрылғыны (шкафтыңішіне орнатылған) қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті ұзын болуы қажет. -- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнату үшін ең аз байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажыратып-қосқыш пайдаланылуы қажет. -- Ұзартқыштар немесе мульти розеткаларды пайдаланбаңыз. -- Құрылғының қуат кабелін тартпаңыз. -- Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. -- Бұл құрылғы тек тамақ пісіру үшін тұрмыстық қолданысқа арналған.
-- Бөлгіш тақта (берілмеген) құрылғының астындағы бөлікке орнатылуы керек. -- Егер беткі қабат шытынап кетсе, электр тогына түсу қаупінің алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз. (Тек қана әйнек беткейлі құрылғылар үшін). -- Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралымен пайдаланылуға арналмаған. -- Тоң немесе сұйық маймен тамақ пісірген кезде пешті қараусыз қалдыру қауіпті болуы және өртке себеп болуы мүмкін.
Қоршаған ортаны қорғау Бума материалдарын тастау Қуат үнемдеу бойынша кеңестер Қаптама материалы қайта өңделуге толығымен жарамды және ол қайта өңдеу белгісімен ( ) таңбаланған. Әртүрлі орам материалдарын немқұрайлы тастай салмаңыз, жауапкершілікпен, қоқысты басқаруға қатысты жергілікті ережелерге сай тастаңыз. Оңтайлы нәтижелер үшін келесі кеңесті қараңыз: • Түпкі диаметрі пісіру аймағына сай келетін табаларды және кастрөлдерді пайдаланыңыз. • Тек түбі жалпақ кастрөлдер мен табаларды ғана пайдаланыңыз.
Бұрыннан бар ыдыстарды қолдану Кастрөлдер немесе табалар индукция белгісімен пайдалануға үйлесімді екендігін тексеру үшін магнитті пайдаланыңыз: кастрөлдер магнитті түрде анықталмаса, олар үйлесімсіз болады. -- Кастрөлдер түбі тегіс екендігін тексеріңіз, әйтпесе шыны керамикалық бетті сызуы мүмкін. Ыдыстарды тексеріңіз. -- Пештің басқару тақтасына ешқашан ыстық кастрөлдерді не табаларды қоймаңыз. Олар оны зақымдауы мүмкін.
Электр қосылымы ЕСКЕРТУ -- Құрылғыны негізгі қуат көзінен ажыратыңыз. -- Орнату жұмыстарын кернеу қауіпсіздігі және орнату ережелерінен хабары бар, білікті электр маманы орындауы тиіс. -- Өнім жасаушысы жоғарыда көрсетілген процедуралар мен ескертулерді орындамау нәтижесінде орын алатын адам немесе жануар жарақаты мен мүліктің зақымдалуы үшін жауапкершіліктен босатылады. -- Қуат көзінің кабелі плитаны орналасқан бетінен алуға мүмкіндік болатындай ұзын болуы керек.
Пайдалану нұсқаулығы Басқару панелінің сипаттамасы Басқару тақтасы сенсорлық басқару құралдарымен жабдықталады: оларды пайдалану үшін небәрі тиісті таңбаны басыңыз (шамалы түрту ғана жеткілікті).
Пайдалану нұсқаулығы Егер жарамсыз кастрөлді пайдалансаңыз немесе кастрөлді дұрыс орналастырмасаңыз не оның өлшемдері индукция плитасына сәйкес болмаса, “no pot” хабары дисплейде көрінеді (сол жақтағы суретті көріңіз). Егер 60 секунд ішінде ешбір кастрөл табылмаса, плита өшеді. 0. Қуат деңгейін өзгерту үшін саусақты жылжымалы сенсорлық экранда көлденеңінен жылжытыңыз: шеңбер ішіндегі нөмір минималды 1-ден максимум 9-ға дейін саусақпен жылдам жылжыту арқылы өзгертіледі.
Пайдалану нұсқаулығы Икемді аймақ Бұл функция екі пісіру аймағын бір үлкен аймақ ретінде қолдану мүмкіндігін береді. Бұл сопақ, төртбұрышты және ұзыншақ ыдыстар үшін оңтайлы (максималды өлшемдер 40x18 cм). Плитаны қосқаннан кейін пернесін басыңыз: пісіру аймағы “0” көрсету деңгейін көрсетеді; деңгей нөмірінің жанындағы нүктелердің екеуі де жанып, жеке дайындау аймағы ретінде таңдалуын білдіреді.
Пайдалану нұсқаулығы -- Көпфункциялы перне Бұл перне "Баяу қайнату", "Еріту" немесе "Жылы күйінде сақтау" функцияларын арнайы пісіру аймағынан таңдау мүмкіндігін ұсынады. Аймақ таңдалғаннан кейін түймешігін басыңыз; әр пісіру аймағының жанындағы арнайы функция бегісінің индикатор шамы автоматты функцияның таңдалғанын білдіреді. Қажет функцияны орнату үшін пернесін бірнеше рет басыңыз.
Тазалау ЕСКЕРТУ -- Бумен тазалау құралдарын ешқашан пайдаланбаңыз. -- Тазалау алдында пісіру аймақтарының өшірілгеніне және қалған қызу индикаторының (“H”) көрсетілмей тұрғанына көз жеткізіңіз. МАҢЫЗДЫ: қатты ысқыштарды немесе кастрөл ысқыштарын пайдаланбаңыз, олар шыны бетін бұзуы мүмкін. • Әр пайдаланудан кейін кез келген тағам қалдықтарын жою үшін плитаны тазалаңыз. • Қант және құрамында қанты көп тағамдар шыны керамиалық бетті зақымдайды және оларды плитаға тиген соң дереу алып тастау керек.
Тұтынушыға қызмет көрсету Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласуға дейін 1. Ақаулықты "Ақаулықтарды жою нұсқаулығын" пайдаланып, өзіңіз жөндеу мүмкіндігін қараңыз. 2. Панельді өшіріп, қайта қосып, ақаулықтың жойылғанын тексеріңіз. Жоғарыдағы тексерулерден кейін де қателік жойылмаса, маңайдағы сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қуат деңгейінің кестесі Пісіру түрі Пайдалану мақсаты (тамақ пісіру тәжірибесі мен қадеттер көрсеткіші) Boost Жылдам қыздыру үшін Су немесе басқа сұйық тағамдарды тез ысыту үшін температураны жылдам көтеруге қолайлы. 8‑9 Қуыру/қайнату Қызарту, пісіре бастау, қуыру, мұздатылған тағамдарды қуыру, жылдам қайнатуға ыңғайлы. 7‑8 Қызарту – соте – қайнату – грильдеу Майға қуыруға, қарқынды қайнау күйін ұстап тұруға, тамақ пісіруге және отқа қақтауға (5-10 минуттық қысқа уақытқа) арналған.
Функциялар кестесі Функция Автоматты функциялар сипаттамасы Қайнату Ұзақ уақыт баяу қайнатылатын мәзірлерге жарамды қуат деңгейін анықтайды. Томат тұздығын, ет қосылған паста, сорпа, минестроне дайындау үшін ыңғайлы, тұрақты пісіру деңгейін ұстап тұрады; сулы жылытқышта дайындау (крем) және дайындалған тағамды жылыту үшін оңтайлы. Бұл мәзірлерді әзірлегенде жиі орын алатын тағамның тасуына, ыдыс түбіне жабысуына, күйіп кетуіне жол бермейді. Бұл функцияны тағам қайнау нүктесіне жеткенде қолданыңыз.
Пісіру кестесі Тағам санаттары Тағамдар немесе пісіру түрі Қуат деңгейі және пісіру кезеңі Бірінші кезең Power Екінші кезең Power Таза паста Суды қыздыру Booster -9 Пастаны пісіру және қайнату 7‑8 Құрғақ паста Суды қыздыру Booster -9 Пастаны пісіру және қайнату 7‑8 Қайнатылған күріш Суды қыздыру Booster -9 Күрішті пісіру және қайнау деңгейін сақтау 5-6 ризотто Соте және қуыру 7‑8 Тиісті пісіру температурасын сақтау 4‑5 Қайнатылған Суды қыздыру Booster -9 Пісіру 6‑7 Қуырылған
Пісіру кестесі Тағам санаттары Fish (Балық) Тағамдар немесе пісіру түрі Бірінші кезең Power Екінші кезең Power Торға пісірілген Грильді алдын ала қыздыру 7‑8 Екі жағын торға пісіру 7‑8 Бұқтырылған Маймен қуыру (май пайдаланылса: 6‑қуат деңгейі) 7‑8 Пісіру және температураны сақтау 3‑4 Қуырылған Майды немесе сұйық майды қыздыру 8‑9 Қуыру, қызарту 7‑8 Фриттата Табаны маймен немесе сұйық маймен қыздыру 6 Екі жағын торға пісіру 6‑7 Омлеттер Табаны маймен немесе сұйық маймен қыздыру
WHIRLPOOL EUROPE s.r.l. Социо Унико Viale G. Borghi, 27 21025 COMERIO (Varese) ITALY Телефон +39 0332 759111 – Факс +39 0332 759268 www.whirlpool.