Қолдану нұсқаулары
Орнату диаграммалары 4 Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат 6 Қоршаған ортаны қорғау 9 Сəйкестік декларациясы 9 Қолдануға дейін 9 Бұрыннан бар ыдыстарды қолдану 10 Ыдыстардың түбіне ұсынылған диаметрлер 10 Орнату 10 Электр қосылымы 11 Қолдану нұсқаулары 12 Тазалау 16 Ақаулық жою нұсқаулығы 16 Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету 17 Қуат деңгейінің кестесі 18 Функциялар кестесі 19 Пісіру кестесі 20 3
Орнату диаграммалары 180 mm x 230 mm 145 mm 180 mm x 230 mm 210 mm 4
Орнату диаграммалары 770 mm 52 mm 510 mm 0 +1 0 30 mm 750 +2 mm 742 mm 483 mm R = Min. 6,5 mm Max. 8 mm Min. 50 mm 0 490 +2 mm Min. 10 cm Min. 5 mm Min. 3 cm Max.
Бұл нұсқауларды келесі вебсайттан алуға болады: www.kitchenaid.eu ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ Бұл нұсқаулықта жəне құрылғының өзінде қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген, оларды оқып, мұқият орындау қажет. Бұл - қауіп таңбасы, пайдаланушылар мен басқаларға қауіп-қатер туралы ескертеді.
- Қуат кабелінің ұзындығы орнатылған құрылғыны қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті болуы тиіс. - Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сай орнату үшін контакт саңылауы кем дегенде 3мм омниполярлы қосқыш қажет. - Бірнеше ұялы немесе ұзарту сымын қолданбаңыз. Құрылғыны қуат сымынан тартпаңыз. - Орнатылған құрылғының электр бөлшектеріне пайдаланушының қолы жетпейтіндей болуы қажет. - Құрылғы тек қана үйде ас пісіруге арналып жасалған. Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы, бөлмелерді жылыту).
- Құрылғының астындағы бөліміне ажыратқыш панель (жабдықталмаған) орнату қажет. - Егер беткейі шытынаса, ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін, құрылғыны өшіріңіз. (тек қана əйнек беткейлі құрылғылар үшін). - Бұл құрал сыртқы таймер немесе бөлек алыстан басқару жүйесі арқылы қолдануға арналмаған. - Пісіру панелі үстінде маймен пісірілетін тағамды бақылаусыз қалдыру қауіпті жəне өртке себеп болуы мүмкін. Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруге əрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, жалынды қақпақпен немесе көрпемен жабыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау арнайы қызмет орталығына өткізу керек дегенді білдіреді. Орам материалдарын тастау Орам материалдары түгел қайта қолдануға жарамды жəне қайта қолдану таңбасымен белгіленген ( ). Әртүрлі орам материалдарын немқұрайлы тастай салмаңыз, жауапкершілікпен, қоқысты басқаруға қатысты жергілікті ережелерге сай тастаңыз. Қуат үнемдеу кеңестері Оптималды нəтижелер үшін келесі кеңестерді орындаңыз: • Түбінің диаметрі пісіру аймақтарымен бірдей ыдыстарды қолданыңыз.
Орнату min 5 mm Өнім орамын алған соң, жеткізу кезінде ешқандай зақым келмегенін тексеріңіз. Егер сенімсіз болсаңыз, диллерге немесе сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Орнату өлшемдері мен орнату нұсқауларын 5-ші беттегі суреттерден қараңыз. ОРНАТУ ОРНЫН ƏЗІРЛЕУ - Пісіру панелінің астына ажырату панелін орнатыңыз. - Өнімнің төменгі жағына қол жетпейтіндей қылып орнату қажет. - Егер төменгі жағына пеш орнатылса, азжыратқышты салмаңыз.
Электр қосылымы Терминалдық қуат блогына жалғау Қуат көзіне жалғау үшін, төмендегі кестеде анықталғандай, H05RR-F немесе H05V2V2-F кабелін пайдаланыңыз.
Қолдану нұсқаулары Басқару панелінің сипаттамасы Қосу/Өшіру Көпір функциясы Таймер Қуат басқару/Бекіту функциясының түймесі Пісіру аймағының басқару тетіктері жəне сəйкес дисплей Пісіру панелін ҚОСУ/ӨШІРУ Панельді қосу үшін түймесін пісіру аймағының дисплейлері жанғанша 2 секундтай басыңыз. Өшіру үшін, сол пернені пісіру панельдері өшкенше басыңыз. Барлық пісіру аймақтары өішіріледі Пісіру панелі қолданылғаннан кейін, қалған жылу көрсеткіші “H” пісіру аймақтары суығанша көрсетіледі.
Қолдану нұсқаулары Басқару панелін бекіту Бұл функция абайсызда қосылу мүмкіндігінің алдын алу үшін басқару тетіктерін бекітеді. Басқару панелін қосу үшін, пісіру панелін қосып, таймер түймесін 3 секундқа басыңыз; дыбыс белгісі мен құлып таңбасының жанындағы жарық индикаторы қосылғанын көрсетеді. Басқару панелі, өшіру түймесінен басқасы, бекітіледі. Басқару панелінің бекітпесін ашу үшін қосу процедурасын қайталаңыз. Жарық нүкте өшіп, пісіру панелі қайта қосылады.
Қолдану нұсқаулары Қадам Басқару панелі Дисплей 1 + 2 Қуат басқару түймесін басып, алдыңғы қадамды растаңыз. Шамамен 3 секундтай басыңыз Дисплейден көрсетіледі. таңбасы 3 Шам жеке пісіру аймақтарының -/+ Қол жетімді əртүрлі опциялар арасынан таңдалған деңгейді реттеу үшін “қолданыста” шамдарымен қоса жанады басыңыз 4 Қуат басқару түймесін басып, алдыңғы қадамды растаңыз.
Тазалау ЕСКЕРТУ - Бумен тазалағыштарды қолданбаңыз. - Тазалауға дейін пісіру аймақтарының өшірілгенін жəне қалған жылу белгісінің (“H”) жоғалуын тексеріңіз. МАҢЫЗДЫ: Ысқыштар немесе таба қырғыштарды қолданбаңыз. Әйнек беткейін бүлдіруі мүмкін. • Пісіру панелін əр қолданыстан кейін тамақ қалдықтарын алып (əбден суығанда), тазалаңыз. • Қант жəне қанты көп тағамдар əйнек беткейге зақым келтіруі мүмкін, сондықтан оларды бірден алып тастау қажет. • Тұз, қант жəне құм əйнек беткейіне сызат түсіруі мүмкін.
Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласуға дейін 1. Ақаулықты “Ақаулықтарды жөндеу нұсқаулығын” пайдаланып, өзіңіз жөндеу мүмкіндігін қараңыз. 2. Панельді өшіріп, қайта қосып, ақаулықтың жойылғанын тексеріңіз. Жоғарыдағы тексерулерден кейін де қателік жойылмаса, маңайдағы сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Whirlpool Europe S.r.l. Viale G. Borghi, 27 - 21025 Comerio (VA) Телефон 0332.759111 - Факс 0332.759268 www.whirlpool.