Қолдану нұсқаулары
Орнату диаграммалары 4 Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар 6 Қоршаған ортаны қорғау 9 Сəйкестік декларациясы 10 Қолданар алдында 10 Бұрыннан бар ыдыстар 10 Ыдыстардың түбіне ұсынылған ен өлшемдері 10 Орнату 11 Электр қосылымы 11 Қолдану нұсқаулары 13 Тазалау 16 Ақаулық жою нұсқаулығы 16 Пісіру панелі шығаратын шуыл 16 Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету 17 Қуат деңгейінің кестесі 17
Орнату диаграммалары 210 mm 280 mm 145 mm 4
80 650 700 mm 0 510 mm 560 +2 mm R = Min. 6,5 mm Max. 8 mm Min. 50 mm 553 mm mm 30 483 mm 0 490 +2 +1 0 mm 52 mm Орнату диаграммалары Min. 10 cm Min. 5 mm Min. 3 cm Max.
Бұл нұсқауларды келесі вебсайттан алуға болады: www.kitchenaid.eu ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ Бұл нұсқаулықта жəне құрылғының өзінде қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген, оларды оқып, мұқият орындау қажет. Бұл - қауіп таңбасы, пайдаланушылар мен басқаларға қауіп-қатер туралы ескертеді.
- Қуат кабелінің ұзындығы орнатылған құрылғыны қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті болуы тиіс. - Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сай орнату үшін контакт саңылауы кем дегенде 3мм омниполярлы қосқыш қажет. - Бірнеше ұялы немесе ұзарту сымын қолданбаңыз. Құрылғыны қуат сымынан тартпаңыз. - Орнатылған құрылғының электр бөлшектеріне пайдаланушының қолы жетпейтіндей болуы қажет. - Құрылғы тек қана үйде ас пісіруге арналып жасалған. Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы, бөлмелерді жылыту).
- Құрылғының астындағы бөліміне ажыратқыш панель (жабдықталмаған) орнату қажет. - Егер беткейі шытынаса, ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін, құрылғыны өшіріңіз. (тек қана əйнек беткейлі құрылғылар үшін). - Бұл құрал сыртқы таймер немесе бөлек алыстан басқару жүйесі арқылы қолдануға арналмаған. - Пісіру панелі үстінде маймен пісірілетін тағамды бақылаусыз қалдыру қауіпті жəне өртке себеп болуы мүмкін. Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруге əрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, жалынды қақпақпен немесе көрпемен жабыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау Қуат үнемдеу кеңестері Оптималды нəтижелер үшін келесі кеңестерді орындаңыз: • Түбінің диаметрі пісіру аймақтарымен бірдей ыдыстарды қолданыңыз. • Түбі жазық ыдыстарды ғана қолданыңыз. • Мүмкін болса, пісіру кезінде ыдыстардың қақпағын жабыңыз. • Көкөністер, картоп сияқты тағамдарды пісіргенде суын аз құйып, пісіру мерзімін азайтыңыз. • Қуат пен уақытты одан да көбірек үнемдеу үшін қысыммен пісіретін ыдысты қолданыңыз (“SENSOR” режимінен басқасын).
Сəйкестік декларациясы Бұл құрылғы “Төмен кернеу” 2006/95/EC директивасының (өзгертілген 73/23/EEC директивасының орнына) қауіпсіздік талаптарына жəне “EMC” 2004/108/EC директивасының қорғау талаптарына сай əзірленіп, өндірілген. Бұл құрылғы Eуропаның N. 66/2014 заңнамасының эко дизайн талаптарына жауап береді, яғни EN 60350-2 Еуропалық стандартына сай. Қолданар алдында МАҢЫЗДЫ: Егер ыдыстардың өлшемі дұрыс болмаса, пісіру аймақтары қосылмайды.
Орнату min 5 mm Өнім орамын алған соң, жеткізу кезінде ешқандай зақым келмегенін тексеріңіз. Егер сенімсіз болсаңыз, диллерге немесе сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Орнату өлшемдері мен орнату нұсқауларын 5-ші беттегі суреттерден қараңыз. ОРНАТУ ОРНЫН ƏЗІРЛЕУ - Пісіру панелінің астына ажыратқыш панель орнатыңыз. - Өнімнің төменгі жағына қол жетпейтіндей қылып орнату қажет. - Егер төменгі жағына пеш орнатылса, ажыратқышты салмаңыз.
Электр қосылымы Терминалдық қуат блогына жалғау Қуат көзіне жалғау үшін, төмендегі кестеде анықталғандай, H05RR-F немесе H05V2V2-F кабелін пайдаланыңыз.
Қолдану нұсқаулары Басқару панелінің сипаттамасы Басқару панелі сенсорлы: қолдану үшін қажетті таңбаны басыңыз (жəй түрту жеткілікті). Жылдам кіру Қуат басқару/таймер Бекіту функциясының түймесі Қосу/Өшіру Сырғытпа Пісіру аймағының басқару тетіктері жəне сəйкес дисплей Пісіру панелін ҚОСУ/ӨШІРУ Панельді қосу үшін түймесін пісіру аймағының дисплейлері жанғанша 2 секундтай басыңыз. Өшіру үшін, сол пернені пісіру панельдері өшкенше басыңыз.
Қолдану нұсқаулары Басқару панелін бекіту Бұл функция абайсызда қосылу мүмкіндігінің алдын алу үшін басқару тетіктерін бекітеді. Басқару панелін қосу үшін, пісіру панелін қосып, таймер түймесін 3 секундқа басыңыз; дыбыс белгісі мен құлып таңбасының жанындағы жарық индикаторы қосылғанын көрсетеді. Басқару панелі, өшіру түймесінен басқасы, бекітіледі. Басқару панелінің бекітпесін ашу үшін қосу процедурасын қайталаңыз. Жарық нүкте өшіп, пісіру панелі қайта қосылады.
Қолдану нұсқаулары 4 максималды қуат деңгейлері қол жетімді жəне дисплейден көрсетіледі: 2,5 – 4,0 – 6,0 – 7,2 кВт (7,2 кВт пісіру панелінің максималды қуат деңгейі болып табылады) Сатып алған мезетте пісіру панелі максималды қуат деңгейіне реттелген күйінде болады Құрылғыны розеткаға жалғаған соң, бірінші 60 секунд ішінде қажетті қуат деңгейіне реттеу үшін келесі əрекеттерді орындағаннан кейін мүмкін болады: Қадам Басқару панелі Дисплей 1 + 2 Қуат басқару түймесін басып, алдыңғы қадамды растаңыз.
Тазалау ЕСКЕРТУ - Бумен тазалағыштарды қолданбаңыз. - Тазалауға дейін пісіру аймақтарының өшірілгенін жəне қалған жылу белгісінің (“H”) жоғалуын тексеріңіз. МАҢЫЗДЫ: Ысқыштар немесе таба қырғыштарды қолданбаңыз. Əйнек беткейін бүлдіруі мүмкін. • Пісіру панелін əр қолданыстан кейін тамақ қалдықтарын алып (əбден суығанда), тазалаңыз. • Қант жəне қанты көп тағамдар əйнек беткейге зақым келтіруі мүмкін, сондықтан оларды бірден алып тастау қажет. • Тұз, қант жəне құм əйнек беткейіне сызат түсіруі мүмкін.
Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласуға дейін 1. Ақаулықты “Ақаулықтарды жөндеу нұсқаулығын” пайдаланып, өзіңіз жөндеу мүмкіндігін қараңыз. 2. Панельді өшіріп, қайта қосып, ақаулықтың жойылғанын тексеріңіз. Жоғарыдағы тексерулерден кейін де қателік жойылмаса, маңайдағы сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Whirlpool Europe S.r.l. Viale G. Borghi, 27 - 21025 Comerio (VA) Телефон 0332.759111 - Факс 0332.759268 www.whirlpool.