Қолдану нұсқаулықтары
Құрылғыны қолданар алдында 4 Қоршаған ортаны сақтау 4 Сақтық шаралары және жалпы кеңестер 6 Негізгі сипаттамалары 7 Негізгі құрамдас бөлшектері 7 Электрондық басқару 8 Басты басқару панелі 8 Қосу және өшіру 10 Температураны түрлі қажеттіліктерге сай реттеу 11 Дисплейдегі ақпарат және ақаулық сигналдары 11 Баптау және тіл реттеулері 12 Мәзір арқылы іске қосылатын ерекше қызметтер 13 Мәзірдің негізгі реттеулері 15 Ішкі құрылымы (орналастыру, реттеу, алып шығу) 18 Жарықтандыру 18
Құрылғыны қолданар алдында • Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға және төмендегі орталарда қолдануға арналған: - дүкендерде, кеңселерде және басқа жұмыс орындарындағы жұмысшыларға арналған ас үйлер аймағында; - фермаларда және конақ үй, мейманхана және басқа да тұрғын үй тектес мекемелердің клиенттеріне; - жатақ және таңғы ас тектес орындарда; Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз.
Қоршаған ортаны сақтау Сәйкестік сертификаты • Бұл құрылғы тағам сақтау үшін құрастырылған және № 1935/2004 Ережесіне (CE) сәйкес өндірілген. • Бұл құрылғы төмендегі нұсқауларға сәйкес жасақталған, жасап шығарылған және нарыққа ұсынылған: - “Төмен кернеу” туралы 2006/95/CE нұсқауларының (73/23/CEE және оның кейінгі өзгертулерінің орнына жүреді) қауіпсіздік нысаналары; - “EMC” 2004/108/EC Нұсқауының қауіпсіздік талаптары.
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер ОРНАТУ • Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы және орнатуы тиіс. • Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз. • Орнату барысында құрылғының тоқ сымына зақым келтірмеуін қадағалаңыз. • Құрылғының жылу көзінің жанында орналаспағанына көз жеткізіңіз. • Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін құрылғының екі жағында және төбесінде бос кеңістік қалдырыңыз және орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
Негізгі сипаттамалар • Жеке немесе кіріктіріп орнату • Интерактивті мәзір құрылғы қызметтерін ерікті түрде басқаруға мүмкіндік береді және олардың жұмысына қатысты хабарламарды көрсетеді • Мерекелер/ұзақ уақыт бой қолданылмаған кездегі қуат тұтынысын оңтайландыру • Сапалы алюминий жиектерімен әрленген тот баспайтын болат беттер • Патенттелген құлыптау жүйесі есіктің автоматты түрде жабылуын қамтамасыз етеді • Жайлап жабу жүйесі бар көп температуралы тартпа • Жарық диод жүйесі бар бағытталған жарықтандыру •
Электрондық басқару Басқару панелінде температура диспейлі бар инновациалық электрондық басқару жүйесі үш бөлімшедегі температураны тұрақты етіп ұстап тұрады. Ол сондай-ақ, пайдаланушыға түрлі қызметтерді қалауынша реттеу арқылы басқару жүйесімен өзара әрекеттесуіне және/немесе құрылғы зақымданған кезде әртүрлі аудио/визуалды дабылдарды жасап шығаруына мүмкіндік береді.
Басты басқару панелі j k l m 10 Дисплей Шарап қоймасы бөлімшесінің температурасын көрсетеді. 11 Жоғары/Төмен Шарап қоймасы Жоғары және Төмен түймелерін қолданып, Тағамдар барында орнатылған температураны өзгерту мүмкін. 12 Шарап қоймасы Тек қана Шарап қоймасы бөлімшесін жеке түрде қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз). 13 Ылғалдылық Шарап қоймасы бөлімшесінің ішіндегі ылғалдылықты баптауға мүмкіндік береді; үш реттеулер таңдауы: Жоғары (HI), Орташа (A), Төмен (LO).
Қосу және өшіру Алғашқы іске қосу Құрылғы электр тоқ көзіне жалғанып, бірақ іске қосылмай тұрған кезде, дисплей келесі хабарламаны көрсетеді Реттеулердің абайсызда өзгеруін болдырмас үшін, белгілі бір уақыттан соң пернетақта автоматты түрде бұғатталады және дисплей “пернетақта бұғатталды” хабарламасын көрсетеді. Оны қайта іске қосу үшін, Мәзір және Жоғары/Төмен (Төмен) түймелерін бір уақытта үш секунд бойы басып тұрыңыз.
Температураны түрлі қажеттіліктерге сай реттеу Әртүрлі бөлімшелердегі температураны реттеу үшін, сол бөлімшеге арналған жоғары/төмен түймесін қолданыңыз. Егер “пернетақта бұғатталған” хабарламасы пайда болса, Мәзір және Жоғары/Төмен түймелерінбір уақытта 3 секунд бойы басып тұрыңыз. Көп температуралы бөлімше Көп температуралы бөлімше әдепкіде мұздату режиміне реттелген, бірақ, ол, сондай-ақ, тоңазытқыш немесе Динамикалық 0° бөлімше ретінде де жұмыс істей алады.
Баптау және тіл реттеулері Сіздің Вертигоңыздың реттелген қызметтерін әртүрлі қолдану қажеттіліктеріне бейімдеу негізгі параметрлерді(Реттеу) немесе ерекше қызметтерді(Қызметтер) іске қосу арқылы жасалуы мүмкін. Қызметтер негізгі дисплейде Мәзір түймесін басу арқылы көрінеді. Жоғары/Төмен түймелері берілген қызметтерді шарлауға мүмкіндік береді, оны Енгізу түймесін басу арқылы таңдауға болады. Дисплей сол мезеттегі қызметтердің жағдайын көрсетеді.
Мәзір арқылы іске қосылатын ерекше қызметтер Ерекше қызметтерді қолдану үшін Мәзір түймесін басып, мәзірге кіру үшін Жоғары/Төмен түймесін қолданыңыз, солай растаңыз. таңдағаныңызды Қыдыру Үш Режимі Бұл қызмет көп температуралы тартпаға бөлме температурасындағы тағамды салар алдында кем дегенде 24 сағат бұрын іске қосылуы тиіс, немесе мұздатылған тағамның температурасы сәл көтерілген кезде оны сақтау алдында бірнеше сағат бұрын іске қосу керек.
Құмыра салқындатқышы Бұл қызметті сусындарды жылдам сақындату қажет болған жағдайда, оларды мұздатқыш бөлімшесіне салу арқылы іске қосуға болады. Ұзақтықты 1 минуттан 45 минуткқа дейін таңдауға болады. Қолайлы температураға жеткен кезде, оны дыбыс сигналы білдіреді. Сусындарды алып шыққаннан соң дыбыс сигналын Дабыл түймесін басу арқылы өшіріңіз. Іске қосу Өшіру Ұзақтығын бағдарламалау Мейрам Режимі (Қосымша) Бұл қызмет діни рәсімдерді құрылғыға көңіл аудармай орындауға мүмкіндік береді.
Мәзірдің негізгі реттеулері таңдау үшін Мәзір түймесін басыңыз және Жоғары/Төмен түймелерін қолданыңыз. Көп температура опциялары Қажет болса, мұздатқыш бөлімшесін тоңазытқыш немесе Динамикалық 0° жұмыс режиміне ауыстыруға болады. Тоңазытқыш қызметін реттеу Динамикалық 0° қызметін реттеу Мұздатқыш қызметіне қайта оралу Әдепкі реттеулер Бұл әдепкі өндіріс реттеулеріне қайта оралуға мүмкіндік береді және кез келген әуелгі өзгерістерді болдырмайды.
Мезгілді көрсету Осы қызметті қолданып, мезгілдің дисплейде көрсетілуін қосуға/өшіруге болады. Мезгілді қосу Мезгілді өшіру Уақытты орнату Дисплей сағатты және минуттарды сағ:мин форматында және сағ: жыпықтатып көрсетеді. Реттеуді өзгерту үшін Жоғары/Төмен түймелерін қолданып және Енгізу түймесін басып растау арқылы келесі реттеуге көшесіз. Минуттар расталған соң, уақыт орнатылады. Уақытты реттеу 12/24 реттеуі Бұл қызмет дисплейде 12 немесе 24 сағат форматын таңдатады.
Тіл Бұл қызмет дисплей хабарламалары көрсететін тілді таңдауға мүмкіндік береді. Италия Ағылшын Француз Неміс Испан °C/°F орнату Бұл қызмет температураны Цельсия немесе Фаренгейт дәрежесінде көрсетуге мүмкіндік береді. Әдетте, құрылғы цельсия дәрежесінде көрсетуге реттелген болады.
Ішкі құрылымы (орналастыру, реттеу, алып шығу) Шарап сөресі Сөрелерді тазалау үшін оңай алып шығуға болады. Құмыраларды алып тастаңыз, сөрені толықтай суырыңыз, дөңгелектер өздерінің орындарынан босағанша жоғары көтеріңіз және сөрені алып шығыңыз. Көп температуралы тартпа Екі құлыптау сомыны бар сырғымалы жолдарға бекітілген • тартпаны алып шығу үшін, құлыптау сомындарын бұрап алыңыз да, тартпаны суырып алыңыз. • ішкі көп температуралы тартпаны алып шығу үшін, құлыптау сомындарын бұрап алыңыз.
Көп температуралы бөлімшені қолдану Көп температуралы бөлімшені, Шарап Қоймасымен және Тағамдар Барымен бірге қолдану, құрылғы қолданысында үлкен икемділік береді. Кейбір қолдану мүмкіндіктері: • Сыра мен алкогольсіз ішімдіктерді тоңазыту үшін • Салқын тағамдар мен тіскебасарларды сақтау үшін. Салқындатқыш режимі • Тұздалған ет пен қызыл балықты сақтау үшін • жеңсік ас дайындамалары.
Шараптарды сақтау - Қолдану температурасы Шарап Қоймасы мен Тағам Бары бөлімшесінің кеңістігі және Көп температура бөлімшесін қолданып, қажетінше кеңейтуге болатын шарап қоймасы сіздің ең сүйікті шараптарыңызды үш түрлі температурада сақтауға мүмкіндік береді. Тағамдар бары Осы үш бөлімше әуел бастан келесі температураларға реттелген: Тағам Бары бөлімшесі +12° C (53.
Шараптарды сақтау - Сақтау уақыты Уақыт өте келе шараптың жетілуі және оның узақтығы әдетте оның сұрыптық қасиетіне және оның түріне байланысты болады. Сіздің құрылғыңыз ұсынатын мінсіз сақтау жағдайындағы шараптар үшін ең қолайлы сақтау мерзімі мен жетілу мерзімі келесі кестеде көрсетілген. Дегенмен, сіз әрқашан шарап жасаушының нұсқаулықтарын орындағаныңыз жөн, әсіресе сұрыптық шараптарға қатысты.
Шараптарды сақтау - Қолдану температурасы Жаңа шараптар (Жаңа шарап) Жаңа маркалы шараптардың құрамында, олардың ерекше өңделуіне байланысты, танин мөлшері төмен болғандықтан, оларды 12° C14°C (53,6 - 57,2°F) температурасы аралығында ұсынса жағымдырақ болады. Жалпы ережелер бойынша, тәттірек әрі хош иістірек шымырлаған шараптарды 8° C (46,4°F) дейінгі төменірек температурада құйған дұрыс болса, ал танині көбірек шымырлаған шараптарды 14° C (57,2°F) дейінгі жоғарырақ температураларда ұсынған жөн болады.
Балғын тағамдарды сақтау кеңестері Көкөністер Көкөністерді суық сумен жуып, дұрыстап құрғатыңыз. Көкөністерді вакуум сауыттарға, пластикалық сауыттарға, немесе көкөніс қаптарға салыңыз. Жемістер Балғын жемістерді жуып, құрғатыңыз. Аса хош иісті жемістерді пластикалық қаптарға қаптаңыз. Жемістер төмен ылғалдылықта Динамикалық 0° бөлімшесіне орналастырылуы қажет. Қапталған ет Тоңазытқыштың ішіне өзінің бастапқы қабымен орналыстырыңыз.
Тағамды сақтау уақытына қатысты кеңестер Балғын тағамдар Сақтау аймағы Уақыт Үлкен кесектер Динамикалық 0° бөлімшесі 4 күн Ет кесектері, үй құсы және жабайы құс Динамикалық 0° бөлімшесі 3 күн Тартылған ет Динамикалық 0° бөлімшесі 1-2 күн Карпаччо Динамикалық 0° бөлімшесі Дереу Қайнатылған және қуырылған ет Тоңазытқыш бөлімшесі 2 күн Ет тұздығы Тоңазытқыш бөлімшесі 6 күн Шикі және пісірілген балық Динамикалық 0° бөлімшесі 2 күн Көжелер мен сорпалар Тоңазытқыш бөлімшесі 2 күн Кеспе
Тағамды сақтау уақытына қатысты кеңестер Мұздатылған тағамдар Сақтау аймағы Уақыт Сиыр еті, бұзау еті, қой еті және ешкі еті Мұздатқыш бөлімшесі (ет кесектері) 6-12 ай Сиыр еті, бұзау еті, қой еті және ешкі еті Мұздатқыш бөлімшесі (Сүйегі бар ет) 4-6 ай Тартылған сиыр еті Мұздатқыш бөлімшесі 1-2 ай Шошқа еті Мұздатқыш бөлімшесі (Сүйексіз) 4-6 ай Шошқа еті Мұздатқыш бөлімшесі (Сүйекпен) 2-3 ай Тартылған шошқа еті Мұздатқыш бөлімшесі 1-2 ай Ет қалдықтары Мұздатқыш бөлімшесі 2-3 ай Тұта
Күту және тазалау Болат бөлшектерді тазалау үшін, құрылғының жиынтығымен бірге жабдықталған микроталшықты мата мен сорғышты қолданыңыз. Мата мен сорғышты үнемі болаттың тегістеу бағытына қарай қолданыңыз. Ауық-ауық, болатты жарқырату үшін, оны сәл ылғалды микроталшықты матамен сүртіп отырыңыз. Тұтқалар мен әйнек сөрелердің жиектері сияқты алюминий бөлшектерге сорғышты қолданбаңыз.
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы Егер сіз құрылғының ақаулықтарын байқасаңыз, Қызмет Көрсету Орталығына хабарласпас бұрын, осы нұсқаманы қолданыңыз. Бұл нұсқама сізге ақаулықты өз бетіңізбен шешуге немесе жылдам әрі нәтижелі қызмет алу үшін маңызды ақпаратпен қамтамасыз етуі мүмкін. Ақаулық хабарламасы Ақаулық әдетте дисплейде көрсетіледі. Пайдаланушы өз бетімен шеше алмайтын ақаулықтар әдетте ақаулық коды ретінде көрсетіледі.
Дисплейде пайда болатын ақаулықтар белгілері Дисплей хабарламасы Ақаулық сипаттамасы Қуаттың жоғалуы Электр қуатының ұзақ уақыт болмауы Құрылғы автоматты түрде қайта қосылады және жазылған жоғарғы температураларды көрсетеді Есік ашық Есік ашық бұл хабарлама есік ашылғаннан соң бірнеше минуттан кейін пайда болады Тартпа ашық Тартпа ашық бұл хабарлама тартпа ашылғаннан соң бірнеше минуттан кейін пайда болады Қойма тым жылы Қойма (Шарап қоймасы) бөлімшесі тым жылы Ақақулықтарды жою нұсқамасын қараңыз
Кепілді қызмет көрсету Ас үй Кепілді қызмет көрсету орнына хабарласар алдында: 1. Ақауды өз бетіңізбен Ақаулықтарды Жою нұсқамасының көмегімен шеше алатыныңды тексеріңіз. 2. Ақаудың жөнделгеніне көз жеткізу үшін құрылғыны өшіріп, қайта қосып көріңіз. Егер мәселе шешілмесе, оны қайта өшіріп, шараны бір сағаттан кейін қайталаңыз. 3. Егер ақаулық осы әрекеттерден соң жойылмаса, Кепілді Қызмет Көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Мәзір картасы - Қызметтер Екі аймақты өшірулі Екі аймақты Екі аймақты қосулы Қыдыру үш режимі өшірулі Қыдыру ҚОСУ/ӨШІРУ Қыдыру үш режимі Қыдыру үш режимі қосулы Қыдыру уақыты Орнатылған сағаттар: 1 Демалыс Үш Режимі Өшірулі ҚЫЗМЕТТЕР Демалыс ҚОСУ/ӨШІРУ Демалыс үш режимі Демалыс үш режимі қосулы Демалыс уақыты Орнатылған күндер: 1 Салқындату уақытын орнату Уақытты орнату: 20 мин Құмыра салқындатқышы Құмыра салқындатқышы өшірулі Салқындатқышты ҚОСУ/ӨШІРУ Құмыра салқындатқышы қосулы Мейрам режимі
Мәзір Картасы - Реттеу Мұздатқыш Үш режим Опциялары Fresco Тоңазытқыш Әдепкі реттеулер Растау үшін Енгізу Мезгілді орнату Мерзім МЕРЗІМ: 01-01-2009 МЕРЗІМ: 01-01-2009 Қосылған Мезгілді көрсету МЕРЗІМ: 01-01-2009 Өшірілген Уақытты Орнату УАҚЫТ: 01:01 УАҚЫТ: 01:01 Қосылған РЕТТЕУЛЕР Уақыт Уақытты көрсету УАҚЫТ: 01:01 Өшірілген Ретте: 24 Бақылауды Ретте Ретте: 12 италия ағылшын Тіл француз неміс испан °C орнату °C/°F орнату °F орнату 31
Printed in Italy r 09/16 400011044719 KK