Instructions for Use

167
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ
Бу тазартқыштарды қолданбаңыз.
МАҢЫЗДЫ: Құрамында сода,
қышқылдар не хлоридтер бар жуғыш
заттарды, жеміргіш жуғыш заттарды
(ұнтақ немесе крем) немесе жеміргіш
ысқыштарды (мысалы, шаюға арналған
сорғыштар) немесе құрамында жеміргіш
жуғыш заттардың қалдықтары бар
ысқыштарды, қаспақты ыдырататын
жуғыш заттарды, ыдыс-аяқ жуатын
машинаның жуғыш заттарын, пешке
арналған спрейлерді қолданбаңыз.
Жылыту тартпасының сыртқы түрі
Дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Өте қатты лас болса, суға ыдыс
жууға арналған сұйықтықтың
бірнеше тамшысын қосыңыз. Құрғақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Тотықтырғыш немесе жеміргіш жуғыш
заттарды пайдаланбаңыз, əйтпесе
күңгірт дақтар пайда болады. Осы
өнімдердің бірі жылыту тартпасына
кенет тисе, оны дымқыл шүберекпен
дереу тазалаңыз.
Құрылғының алдыңғы жағындағы
түстердегі шамалы айырмашылықтар
шыны, пластмасса жəне металл тəрізді
əр түрлі материалдарды пайдалану
салдарынан болып табылады.
iXelium көмегімен өңделген тартпалар
үшін, төмендегіні орындаңыз:
Суланған жұмсақ шүберекті
(мүмкіндігінше ұсақ талшықты) немесе
қалыпты шыны тазалайтын жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Бетіне қағаз іздері мен жолақтарды
қалдыратын қағаз сүлгілерді
пайдаланбаңыз.
Жеміргіш немесе тотықтырғыш
заттарды, хлор негізіндегі өнімдерді
немесе шаюға арналған сорғыштарды
пайдаланбаңыз.
Тұтанғыш бу тазалау құрылғыларын
пайдаланбаңыз.
Құрылғы бетіне сірке суы, қыша, тұз,
қант немесе лимон шырыны тəрізді
қышқыл немесе сілтілі заттарды
қалдырмаңыз.
Шыны беттерін тазалау үшін, төмендегіні
орындаңыз:
бейтарап жуғыш затты жəне жылымшы
суды пайдаланыңыз, содан кейін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Құрылғы бетіне сірке суы, қыша, тұз,
қант немесе лимон шырыны тəрізді
қышқыл немесе сілтілі заттарды
қалдырмаңыз.
Шыңдалған шыны тартпасының негізі
Әр қолданғаннан кейін тартпаның
суығанына көз жеткізіп, түбін тазалау
ұсынылады. Бұл кірдің жиналуына жол
бермейді жəне тазалауды оңайырақ
етеді.
Шыңдалған шыныны тазалау үшін таза
шүберек, қағаз сүлгілерді жəне ыдыс
жууға арналған сұйықтықты немесе
арнайы өнімдерді пайдаланыңыз.
Жеміргіш өнімдерді, ағартқышты,
пеш тазалағыш спрейін немесе
шаюға арналған металл ысқыштарды
пайдаланбаңыз.