Қолдану туралы нұсқаулары Ыдыс жуғыш машина ESF 46710
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз.
electrolux 3 • Бұйымды пайдаланып болғаннан соң, оны электр қуаты көзінен ажыратып, судың берілуін тоқтатыңыз. • Бұл өнімді осы бұйымды орнату немесе жөндеу үшін рұқсаты бар мамандар ғана жөндей алады және тек осы фирма шығарған бөлшектерді ғана пайдалануға болады. • Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне алып келеді. Өзіңіздің жергілікті қызмет көрсету орталығыңызбен хабарласыңыз.
electrolux Назарыңызда болсын! Электр желісіне және су құбырына қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
electrolux 5 Бұйым сипаттамасы 1 2 3 4 5 6 Қосу/Өшіру түймешігі Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер Кешіктіріп бастау түймешігі (Delay) Анықтағыш шамдар Сандық бейнебет Функция түймешіктері Анықтағыш шамдар Орындалып тұрған бағдарлама Жуу бағдарламасы орнатылғанда жанады да, аяқталғанша жанған қалпы тұрады. Жуу бағдарламасы аяқталғанда өшеді. Соңы Жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады. Multitab функциясы Арнайы тұз таусылғанда жанады.
electrolux • шайғыш затты үлестіргішті белсенді күйге көшіру/ажырату ( ТЕК 'Multitab' функциясы қосылулы тұрғанда ғана), • жуу бағдарламасының соңы (сандық бейнебетте нөл пайда болады), • кешіктіріп бастау функциясының кері санағы, • ыдыс жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ақаулық кодтары көрсетіледі.
electrolux 7 Суды жұмсартқыш аймағыңыздағы су қатаңдығына сәйкес лайықтанған болуы керек. Аймағыңыздағы су қатаңдығы туралы мәліметтерді жергілікті су шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз. Су кермектігі Суды жұмсартқыш екі тәсіл арқылы реттелуге тиіс: су қатаңдығы деңгейін өзгертетін сандық диск арқылы қолмен өзгертіледі және электронды түрде.
electrolux Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған Назарыңызда болсын! Ыдыс-аяқ жуғыш үшін өндірілген тұзды ғана пайдаланыңыз. Ыдыс-аяқ жуғыш машинада пайдалануға арналмаған басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа зиян келтіруі мүмкін. Тұз қорапшасын тұзбен толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана толтырыңыз. Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп қалып, төгілген жерінде ұзақ уақыт жатып қалып коррозияны тудырудың алдын алу үшін қажет. Толтыру үшін: 1.
electrolux 9 Шаюға арналған зат ыдысаяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз құрғатылуын қамтамасыз етеді. Шаю заты ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады. 1. (A) ашу түймесін басып, қорапшаны ашыңыз. 2. Қорапшаға шаю затын қосып салыңыз. "max" көрсеткіші, шаю затымен толтыру мөлшерінің шегін көрсетеді. Қорапша жуу затын қаншалықты мөлшерде қосатындығыңызға байланысты 16-дан 40-қа дейінгі жуу циклдарына жетерлік 110 мл шаю затын сыйдыра алады. 3.
electrolux Пайдалы кеңестер Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін және кез келген суды сіңіріп алатын затты ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. • Ыдыс-аяқты салар алдында: – Тамақ қалдықтары мен басқа қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз. – Жанып жабысып қалған тағам қалдықтарын қазаншаларға салып жібітіп алыңыз • Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын машинаға салған кезде, келесі кеңестерге назар аударыңыз: – Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіш түтіктерге кедергі жасамауы керек.
electrolux 11 Кәстрөлдер, шыныаяқтар мен табақтарды салу үшін, астыңғы себеттегі 2 қатар ілгекті жатқызып қоюға болады. Егер кәрзеңкенің түбінен құралдардың саптары шығып қалып, төменгі бүріккішке кедергі жасап тұрса, онда ас құралдарының саптарын жоғары қарата салыңыз. Шанышқылар бір-біріне жабысып қалмас үшін, басқа ас құралдарымен араластыра салыңыз. Ас құралдарын кәрзеңкеге салуды жеңілдету үшін, ас құралдарына арналған кәрзеңкенің ұстағышын төмендетіңіз.
electrolux Үстіңгі себет Үстіңгі себет тәрелкелер (десерт тәрелкелері, табақшалар, диаметрі 24 см дейінгі ас тәрелкелері), салат табақтары, шыныаяқтар және стакандарға арналған Шыныаяқ сөрелеріндегі және олардың астындағы ыдыс-аяқтарды, су барлық жерлеріне жақсылап тиерліктей орналастырыңыз. Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне төңкеріп орналастыруға болады. Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға болады.
electrolux 13 Жұмсақ тірегіштер Жұмсақ тірегіштер жуу циклі орындалып тұрғанда не үстіңгі себет алынған кезде шыны ыдыстар орындарынан жылжып кетуден сақтайды. Сақтандыру туралы ескерту! ЕСІКТІ ЖАППАС БҰРЫН БҮРІККІШТЕРДІҢ ЕРКІН АЙНАЛА АЛАТЫНДЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ. Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнату үшін суретке қараңыз. Оларды себеттің тек оң жағына ғана орнату керек. Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнатып болған соң төмен қарай мықтап басып, жылжып кетпейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз.
electrolux 1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа қарай тартыңыз. 2. Екі жағынан еппен ұстап жоғары қарай жылжыта отырып, механизмді сүйемелдей отырып, жаймен өз орнына қондырыңыз. Себетті ешқашан тек бір жағынан ғана ұстау арқылы көтеруге немесе түсіруге болмайды. Себетті ең үстіңгі орынға қойған кезде шыныаяқтарды шыны торына қоюға болмайды. Себетті бастапқы орнына түсіру үшін келесі әркеттерді орындаңыз: Ашық есіктің қауіп көзі екендігін ескеріп, оны ыдыс-аяқтарды салғаннан кейін әрқашан жауып отырыңыз.
electrolux 15 4. Қақпақшаны қойып, оны жабылғанға дейін үстінен басыңыз. Әртүрлі өндірушілер өндірген таблетка тәрізді жуу заттарының еру уақыты да әртүрлі болады. Сол себепті, қысқа мерзімдік жуу бағдарламалары қолданылғанда кейбір таблетка пішіндес заттарды пайдалану күткен нәтижеге жеткізбейді. Сондықтан таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде, жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу бағдарламаларын қолданыңыз.
electrolux Егер жуу нәтижелері ойдағыдай болмаса, біздің берер кеңесіміз: 1. Шаю заттарына арналған қорапшаны шаю затымен толтырыңыз. 2. Шаю затын құюшы құралды белсенді күйге көшіріңіз. 3. Шаю затының қосылатын мөлшерін 2-ші орынға орнатыңыз. • Тек "Multitab функциясы" іске қосылып тұрған жағдайда ғана, шаю затын құюшы құралды белсенді күйге көшіруге/өшіруге болады. Шаю затын құюшы құралды белсенді күйге көшіру/өшіру 1. Қосу/Өшіру түймесін басыңыз.
electrolux 17 2. 3. 4. 5. сандық бейнебетте бағдарламаны кешеуілдету уақытының сандық мәні жыпылықтай бастағанша басып тұрыңыз. Таңдалған бағдарламаны 1-ден 19 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады. Ыдыс жуғыш машинаның есігін жабыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады. Сандық бейнебеттегі уақыт мәні жанып-сөнуін тоқтатып, енді тұрақты көрсетіліп тұрады. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп отырады. Есікті ашу кері санақты кідіртеді. Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған жерінен әрі қарай жалғасады.
electrolux Ыдыс жуу машинасын босату • Қызып тұрған ыдыс-аяқ, елеусіз салмақтың әсерінен де сынып кетуі мүмкін. Сондықтан, ыдыс-аяқты жуғыштан шығармас бұрын, суытып алу керек. • Ең алдымен, төменгі кәрзеңкені, сонан соң жоғарғы кәрзеңкені босатыңыз; сонда төмендегі ыдыс-аяққа жоғарғы кәрзеңкеден су тамып кетпейді. • Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға қарағанда біртіндеп суып басылатындықтан, ыдыс-аяқ жуғыш машинаның қабырғаларында және есігінде су пайда болуы мүмкін.
electrolux 19 Бағдарлама Қуат (кВт/с) Ұзақтығы (минут) 1) Су (литр) Quick - 0,8 8 Eco - 0,8 - 0,9 12 - 13 Glass - 0,6 - 0,7 11 - 12 1) Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы пайда болады. Судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқып берілуі мен ыдыстардың саны бұл мәндерді өзгертуі мүмкін. Күту менен тазалау Сүзгіштерді тазалау Сүзгілерді ара-тұра тексеріп және тазалап отыру керек. Кірленген сүзгілер жуу нәтижесін нашарлатады.
electrolux жуу бөлімінің үстінен салбырап қалмасына көз жеткізіңіз. Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерсіз ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Егер сүзгілерді дұрыс орнатпасаңыз, жуу нәтижелері қанағаттанғысыз болып, нәтижесінде машинаға нұқсан келуі мүмкін. Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып тастауға әрекет жасамаңыз. Егер бүріккіштердің тесіктері бітеліп қалса, жіңішке шырпымен тазалаңыз. Сыртын тазалау Машинаның сыртын және басқару панелін дымқыл жұмсақ матамен тазалаңыз.
electrolux 21 Қателер коды және дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары • орындалып тұрған бағдарлама шамының ұзақ уақыт жыпылықтауы • сандық дисплейден нөл көрсетіледі Ыдыс-аяқ жуғыштан су кетпей жатыр • Раковинаның ауызы толып қалған. Раковинаның ауызын тазалаңыз. • Су шлангы дұрыс орналаспаған немесе ол қысылып, суды жібермей тұр. Суды канализацияға жіберетін шлангты тексеріңіз.
electrolux Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыс-аяқтар сулы және олардың түсі ашылмаған • Шаю заты қолданылмаған. • Шаю заттарына арналған қорапша бос. Ыдыс-аяқтарға жолақ-жолақ сызаттар мен ақшыл таңдақтар түскен немесе шыны ыдыстардың үсті көкшіл тартқан • Шаю затының мөлшерін азайтыңыз. Стакандар мен ыдыстарда құрғап қалған су тамшыларының іздері қалған • Шаю затының мөлшерін көбейтіңіз. • Бұның себебі жуу заты болуы мүмкін. Жуу затын өндірушінің тұтынушыларды қолдау бөлімімен хабарласыңыз.
electrolux 23 Үстіңгі себетті салат шыныаяғын салмай орналастыру Астыңғы себетке ыдыс-аяқтарды орналастыру Үстіңгі себетті салат шыныаяғын салып орналастыру Ас құралдарының ас құралдары себетінде орналастырылуы Шыныаяқ торлары: А орны Орнату Назарыңызда болсын! Осы машинаны орнату үшін керек болған электр және су беру мен канализация жүйесіне қосу жұмыстарын тек қана білікті электрик, сантехник немесе білікті маман атқаруы керек.
electrolux Машинаның үстіңгі жұмыс тақтасын алып тастап, оны раковинаның астына не алдын ала орнатылған жұмыс үстелінің астына, өлшемдері суретте көрсетілгендей қуысқа орналастырыңыз. Келесі әрекеттерді орындаңыз: • Машинаның жұмыс тақтасын екі артқы бұранданы(1)бұрап алу арқылы босатыңыз да, жұмыс тақтасын машинаның арт жағынан(2) тартып шығарып, көтеріп тұрған қалпы алдыңғы саңылаулардан сырғытып шығарыңыз(3).
electrolux 25 құбырларындағы орташа қысым туралы мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз ететін мекемеден аласыз. Су беретін шлангты қосып жатқанда ол майысып, жаншылып, не шиеленісіп қалмаған болуы керек. Ыдыс жуғыш машинаның функциялары,контргайканың көмегі арқылы солға не оңға қарай бұрыла алатындай етіп орнатылған түтіктерді сумен толтырып және жуынды судан босатып беріп отырады. Су ағып кетпес үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс.
electrolux Егер кір су түтігін ұзартқышты пайдаланып отырсаңыз, оның ішкі диаметрі құрылғымен бірге жеткізілген түтіктің диаметрінен кіші болмауға тиіс. Машинаны кір су құбырына қосу үшін пайдаланылған муфталардың ішкі диаметрі де, құрылғымен қатар жеткізілген түтік диаметрінен кем болмауға тиіс. Кір суды ағызатын түтікті раковинаның астындағы түтікке қосар кезде, оның сыртындағы пластмасса қабықты тұтастай(A) алып тастау қажет.
electrolux 27 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
www.electrolux.