BS7314421M KK ТҰМШАПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Мазмұны 3 МАЗМҰНЫ 4 5 8 10 11 14 17 20 21 24 27 32 33 33 Сақтық шаралары Қауіпсіздік нұсқаулары Бұйым сипаттамасы Бірінші қолданғанға дейін Басқару панелі Әркүндік қолдану Сағат функциялары Автоматты бағдарламалар Керек-жарақтарды қолдану Қосымша функциялар Күту менен тазалау Не істерсіңіз, егер...
Сақтық шаралары САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз. Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
Қауіпсіздік нұсқаулары 5 • Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін. • Осы құрылғыға ғана арналған ішкі температура сенсорын пайдаланыңыз. • Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше орындап салыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары • Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз. • Электр сымдарын құрылғының есігіне, әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге болмайды. • Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек. • Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары 7 Назарыңызда болсын! Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. • Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін: – Ыдыстарды немесе басқа заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз. – Құрылғының табанына алюминий жұқалтырды тура қоймаңыз. – ыстық суды құрылғының ішіне тура қоймаңыз. – тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыстарды және тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз. – керек-жарақтарды алып-салған кезде абай болыңыз.
Бұйым сипаттамасы Назарыңызда болсын! Электр қатеріне ұшырау қаупі бар. • Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз. • Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз. Құрылғыны тастау Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар. • Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз. • Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз. • Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
Бұйым сипаттамасы 6 7 8 9 10 11 Тұмшапеш шамы Желдеткіш Артқы қабырғадағы қыздырғыш элемент Бу генераторы Сөренің алмалы сырғытпалары Сөрелердің орналасуы Тұмшапештің керек-жарақтары • Торкөз сөре Ыдыс, торт қалыптарын қоюға, тағам қуыруға арналған. • Пісірме табақ Торттар мен печеньелерге арналған. • Гриль / қуыру науасы Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын таба ретінде қолдануға арналған.
Бірінші қолданғанға дейін • Ішкі температура сенсоры Тағамның қаншалықты піскенін тексеруге арналған. • Сөре сырғытпалары Сөрелер мен науаларға арналған. • Буға пісіру жабдығы Тесіктері жоқ бір және тесіктері бар бір ыдыс. Буға пісіру кезінде бу ыдысы конденсат суды ағызып жібереді. Бұны тағамды суға салмай пісіру үшін пайдаланыңыз (мысалы, көкөніс, балық етінің бөлігі, тауықтың төс еті). Бұл ыдыс суға пісірілетін тағамдарға жарамайды (мысалы, күріш, полента, макарон).
Басқару панелі 11 Алғашқы тазалау • Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз. • Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. "Күтіп ұстау және тазалау" тарауын қараңыз. Электр желісіне алғаш қосу Электр желісіне алғаш қосқаннан кейін, бейнебеттегі белгішелер бірнеше секунд жанып тұрады. Содан кейінгі бірнеше секунд ішінде бейнебетте бағдарламалық жасақтаманың нұсқасы көрсетіледі.
Басқару панелі Сенсорлық өріс Функция Сипаттама 2 ON/OFF Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге арналған. 3 ФУНКЦИЯЛАР Тұмшапеш функциясын немесе бағдарламаны орнатуға арналған. Құрылғы сөніп тұрған кезде тұмшапеш функциясына тура қатынауға арналған. 4 ТАҢДАУЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР Таңдаулы бағдарламаңызды сақтап қоюыңызға болады. Таңдаулы бағдарламаңызға құрылғы сөніп тұрған кезде тура кіру үшін қолданыңыз.
Басқару панелі 13 Бейнебет 1 2 7 3 6 5 4 1 Тұмшапеш функциясының белгішесі 2 Температура/Уақыт бейнебеті 3 Сағат/Қалдық қызу бейнебеті (сонымен қатар, минут операторы және тәулік уақыты) Қалдық қызу индикаторы 4 5 Сағат функцияларының индикаторлары ("Сағат функциялары" кестесіне қараңыз) 6 Қыздыру индикаторы 7 Тұмшапеш функциясы/бағдарламасының нөмірі Бейнебеттің басқа индикаторлары Белгішел ер / / Атауы Сипаттама Параметрлер Тұмшапеш функциясын таңдауыңызға болады.
Әркүндік қолдану Қыздыру индикаторы Егер тұмшапеш функциясын орнатсаңыз, бейнебеттегі жолақтар бірінен кейін бірі жанады. Жолақтар құрылғының ішкі температурасының көбейгенін немесе азайғанын көрсетеді. Құрылғы орнатылған температураға жеткенде, бейнебеттен Қыздыру индикаторы өшеді. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Әркүндік қолдану Тұмшапеш функциясы 15 Қолданылуы 8 Баяу пісіру Тағамды өте жұмсақ, сөлді етіп қуыруға арналған. 9 Дәстүрлі пісіру Тұмшапештің бір сөресінде пісіру мен қуыруға арналған. 10 Мұздатылған тағамдар Фри, картоп тіліктері, толтырмасы бар құймақ т.с.с. тәрізді шала дайын тағамдарды дайындауға арналған. 11 Турбо гриль Үлкенірек ет кесектерін немесе сүйегі бар құс етін бір сөреге қойып, қуыруға арналған. Сондай-ақ, гратин жасауға және қызарғанша қуыруға арналған.
Әркүндік қолдану Тұмшапеш температурасын тексеру Функция немесе бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде құрылғының ішіндегі температураны тексере аласыз. түймешігін басыңыз. 1. Температура/Уақыт бейнебеті құрылғының ішіндегі температураны көрсетеді. Тұмшапештің температурасын өзгерткіңіз келсе, түймешігін тағы бір рет басыңыз немесе қолданыңыз. да, түймешігін басыңыз немесе ол 2. Орнатылған температураға қайта бару үшін бес секундтан кейін автоматты түрде бейнебетте көрсетіледі.
Сағат функциялары 6. Дыбыстық сигнал мен құрылғыны сөндіру үшін 17 түймешігін басыңыз. Бу генераторы босаған кезде, дыбыстық сигнал естіледі. Құрылғы суыған кезде, бу генераторында қалған судың барлығын Жөкеге сіңіріп алыңыз. Егер қажет болса, бу генераторын сірке суымен тазалаңыз. Құрылғының есігін ашық қалдырып, әбден құрғатыңыз.
Сағат функциялары Санақ таймері Құрылғының қанша уақыт жұмыс жасап тұрғанын Санақ таймері арқылы бақылап көріңіз. Бұл функция құрылғы қыза бастағанда дереу іске қосылады. Санақ таймерін бастапқы қалпына келтіру: түймешігін бейнебетте жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз. түймешігін бейнебетте "00:00" көрсетіліп, Санақ таймері уақытты қайта санай бастағанша басыңыз. Санақ таймерін Ұзақтық немесе Аяқтау функциялары орнатылып тұрғанда қолдана алмайсыз. ҰЗАҚТЫҚ функциясын орнату 1. 2. 3. 4. 5.
Сағат функциялары 19 Нәтижені тексеру (таңдаулы үлгілерде ғана) Егер АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ функцияларын орнатсаңыз, пісіру аяқталғаннан 2 минут бұрын дыбыстық сигнал естіледі де, шам жанады. Құрылғы АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ параметріне ауысады. Осы екі минут ішінде пісіру нәтижесін тексеруіңізге, егер қажет болса АЯҚТАУ немесе ҰЗАҚТЫҚ уақытын ұзартуыңызға болады.
Автоматты бағдарламалар Уақытты кешіктіру функциясын орнату Тұмшапешті кейін автоматты түрде қосу немесе сөндіру қажет болса, ҰЗАҚТЫҚ және АЯҚТАУ функцияларын қатар қолдануға болады. Бұндай жағдайда, әуелі ҰЗАҚТЫҚ функциясын содан кейін АЯҚТАУ функциясын ("ҰЗАҚТЫҚ функциясын орнату" және "АЯҚТАУ функциясын орнату" тарауларын қараңыз) орнатыңыз. Уақытты кешіктіру функциясы қосылғанда, бейнебетте тұмшапеш функциясының белгішесі, нүкте және бірге қозғалмай көрсетіліп тұрады.
Керек-жарақтарды қолдану 3. 4. 5. 6. 21 басыңыз немесе параметрлер бес секундтан кейін автоматты түрде сақталады. Құрылғы жұмыс істей бастайды. Бейнебетте салмақ өлшем бірлігінің белгішесі немесе арқылы жыпылықтайды. Осы уақытта әдепкі салмақ мәнін түймешігін басыңыз. өзгертуіңізге болады. Орнатылған уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал екі минут естіледі. жыпылықтайды. Құрылғы сөнеді. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін кез келген сенсор өрісін басыңыз немесе тұмшапештің есігін ашыңыз.
Керек-жарақтарды қолдану Тек бірге жеткізілген ішкі температура сенсорын немесе фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз. 1. 2. 3. 4. 5. Құрылғыны іске қосыңыз. Ішкі температура сенсорының ұшын белгісі бар) еттің (сабында ортасына шаншыңыз. Ішкі температура сенсорының ашасын, құрылғының алдындағы розеткаға сұғыңыз. белгішесі Бейнебетте жыпылықтап, әдепкі орнатылған ішкі температура көрсетіледі.
Керек-жарақтарды қолдану 9. 23 Құрылғыны сөндіріңіз. Ішкі температура сенсорын розеткаға қосқан кезде, сағат функцияларының параметрлері біржола тоқтайды. Ішкі температура сенсорын қолданып пісірген кезде, Температура/Уақыт бейнебетінде көрсетілген температураны өзгерте аласыз. Ішкі температура сенсорын розеткаға қосып, тұмшапеш функциясы мен температурасын орнатқаннан кейін, бейнебетте ағымдық ішкі температура көрсетіледі.
Қосымша функциялар Сөре сырғытпалары - Тұмшапештің керек-жарақтарын салу Пісірме табақты немесе шұңғыл табаны сөре сырғытпаларына қойыңыз. Төркөз сөренің тіректерін төмен қаратып сөре сырғытпаларына қойыңыз. Төркөз сөренің биіктетілген жиегі, ыдыс сырғып кетуге жол бермейтін қосымша сақтық құралы болып табылады. Төркөз сөре мен шұңғыл табаны бірге қою Торкөз сөрені шұңғыл табаның үстіне қойыңыз. Торкөз сөре мен шұңғыл табаны сөре сырғытпаларына қойыңыз.
Қосымша функциялар • Осы функцияны өшіру үшін бағдарламаңызды өшіреді. 25 түймешігін басыңыз. Құрылғы таңдаулы Бұл функция жұмыс істеп тұрғанда, уақыт пен температураны өзгерте аласыз. Бала қауіпсіздігінің құралы Бала қауіпсіздігінің құралы құрылғының кездейсоқ іске қосылуына жол бермейді. Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын қосу және ажырату: 1. Құрылғыны арқылы сөндіріңіз. Тұмшапеш функциясын орнатпаңыз. және түймешігін қатар басып, 2 секунд ұстап тұрыңыз. Дыбыстық сигнал 2. естіледі.
Қосымша функциялар Параметрлер мәзірінің индикаторы Сипаттама Орнатылатын мән SET4 АҚАУЛЫҚ СИГНАЛЫ ON/OFF SET5 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘЗІРІ ON/OFF SET6 ПАРАМЕТРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ YES/NO SET71) УАҚЫТТЫ ҰЗАРТУ ON/OFF 1) Тек таңдаулы үлгілерде ғана Параметрлер мәзірін тек құрылғы сөніп тұрғанда ғана орната аласыз. Параметрлер мәзірін қосу: 1. Қажет болса, құрылғыны сөндіріңіз . түймешігін үш секунд басып ұстап тұрыңыз. 2. Бейнебетте "SET1" және "1" жыпылықтайды. / басыңыз. 3.
Күту менен тазалау 27 – Түнгі жарықтылық режимінде сенсорлық өрісті бассаңыз (ҚОСУ / ӨШІРУ түймешігінен басқа), келесі 10 секунд ішінде бейнебет күндізгі жарықтылық режиміне ауысады. – егер құрылғы ажыратулы, ал Минут операторы орнатулы болса. Минут операторы функциясы аяқталған кезде, бейнебет түнгі жарықтылық режиміне ауысады. Желдеткіш Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Күту менен тазалау • Құрылғының металл беттерін тазалау үшін әдетте қолданылатын жуғыш заттарды пайдаланыңыз. • Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз. • Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз. • Керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған шүберекпен) бәрін пайдаланып болған сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
Күту менен тазалау 2. Алдыңғы тежегіштегі сырғытпаны еппен ішке қарай қозғаңыз. 3. Сырғытпаны артқы тежегіштен шығарып алыңыз. 29 Сөре сырғытпасын салу Сөре сырғытпасын әрекеттерді кері ретпен орындап салыңыз. Бу шығаратын жүйе Сақтандыру туралы ескерту! Бу генераторын әр қолданып болған сайын құрғатыңыз. Суды жөкемен сорғытыңыз. Қақты су мен сірке суының көмегімен кетіріңіз. Сақтандыру туралы ескерту! Химиялық қақ кетіргіш заттар эмаль қаптаманы бүлдіруі мүмкін. Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Күту менен тазалау Тұмшапеш шамы Назарыңызда болсын! Электр тоғы соғу қаупі бар! Тұмшапештің шамы мен шамның шыны қақпағы ыстық болуы мүмкін. Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында: • Құрылғыны сөндіріңіз. • Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырыпқосқышты ажыратыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғының ішкі табанына шүберек төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы мен құрылғының ішіне нұқсан келмес үшін қажет. Тұмшапештің шамын ауыстыру: 1.
Күту менен тазалау Есікті алу 1. Есікті барынша кең ашыңыз. 2. Есіктің қос топсасындағы ысырмаларды (A) барынша басыңыз. 3. Есікті бастапқы қалпына дейін жабыңыз (шамамен 70°). 4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра ұстап тұрып, жоғары көтеріп тартып шығарыңыз. 31 A A Есікті орнату үшін осы әрекеттерді кері ретпен жасаңыз. Шыны панельдердің жалпы саны әр үлгіде әр түрлі. Сақтандыру туралы ескерту! Есіктің бетіне сызат түспес үшін оның сыртқы бетін жұмсақ әрі тегіс жерге қаратып қойыңыз.
Не істерсіңіз, егер... НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз. Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Құрылғы қызбайды. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы қызбайды. Тәулік уақыты орнатылған жоқ. Сағатты орнатыңыз. "Тәулік уақытын алғаш орнату" тарауын қараңыз. Құрылғы қызбайды. Қажетті параметрлер орнатылмаған. Параметрлердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы қызбайды. Автоматты түрде сөндіру функциясы қосулы.
Техникалық сиппатама 33 Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының алдыңғы жақтауында орналасқан. Қажетті ақпаратты мына жерге жазып қоюды ұсынамыз: Үлгі (MOD.) ......................................... Өнім нөмірі (PNC) ......................................... Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
www.aeg.